«БЕКІТЕМІН»
Мақат ауданының әкімі
____________ А.С.Мамбетов
«____ »____________ 2026 жыл
Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Доссор кентінің тұрғындарымен
көшпелі кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ |
Көтерілген мәселенің атауы |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
1. |
Ә.Мантаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің домофондарын мердігер мекеме арқылы қалыпқа келтіру жұмыстарын ұйымдастырсын |
28.08.2026 жыл |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуов, Доссор кентінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2. |
Доссор кенті ішіндегі жол құрылысы жұмыстарын жедел бастасын |
07.07.2026 жыл | |
3. |
Н.Құсайынов көшесіне қосымша қоқыс контейнерлерін орнату мәселесін қарастырсын |
15.07.2026 жыл | |
4. |
Жаңа тұрғын үй берілген азаматтардың ескі тұрғын үйлерін бұзу жұмыстарын ұйымдастырсын |
01.09.2026 жыл | |
5. |
Н.Құсайынов көшесіне жаяу жүргіншілер өткелінің жол белгілерін орнату мәселесін қарастырсын |
15.07.2026 жыл | |
6. |
Ауданда жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуіне байланысты қоғамдық көліктердің жүру бағыттарын қайта қарастырсын |
15.07.2026 жыл | |
7. |
Ғ.Сүлейменова көшесіндегі барак типтес тұрғын үйлерді мемлекет мұқтаждығына алу және тұрғын үй иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерделесін |
01.09.2026 жыл | |
8. |
Аудандағы құрылыс нысандарына жауапты мердігер мекемелердің санитариялық тазалық талаптарын сақтауын қатаң қадағаласын |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуов, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі |
9. |
Аудан аумағында кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу және бақылау жұмыстарын күшейтсін |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Ә.Қаржауова, аудандық Полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімі |
10. |
Доссор кентіндегі көше жарығы құрылысы жұмыстарын қатаң бақылауға алсын |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуов, Доссор кентінің әкімі, аудандық құрылыс бөлімі |
11. |
Н.Құсайынов көшесі мен Ынтымақ ықшам ауданында балалар ойын алаңдарын салу мәселесін қарастырсын |
Қажеттілігіне қарай | |
12. |
Бұралқы иттерді аулау жұмыстарын жандандырсын |
Үнемі |
Аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуов, аудандық Полиция бөлімі, |
13. |
Ж.Мұқтанов көшесіндегі айналма жолдың бойына газон егу жұмыстарын қайта қолға алсын |
15.07.2026 жыл | |
14. |
Кент аумағында қараусыз жүрген малдардың иелеріне қатысты әкімшілік шаралар қолдану және айыппұл салу жұмыстарын жандандырсын |
Үнемі |