«Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс

    ·

    №4 ХАТТАМА

    «Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс

    Үштөбе қаласы 13 сәуір 2026 жыл

    Төраға: Бокенбаев Т.Р. – «Жылыту орталығы» ЖШС директоры

    Хатшы: Тайсерикова А.Т. – техникалық бөлім инженері, комплаенс офицер

    Қатысушылар: Қазандық шаруашылықтың мамандары

    Күн тәртібі:

    1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері.
    2. Қызметтік міндеттерді адал және ашық орындау қағидаттарын сақтау.

    Тыңдалды:

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қазандық басшысы Т.Р. Бокенбаев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндірді. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, қызметтік этика нормаларын сақтау қажеттігін атап айтты.

    Екінші міселе бойынша техникалық бөлім инженері қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік және кәсіпорын мүлкін ұқыпты пайдалану, өызметтік міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын сақтау жөнінде баяндама жасады.

    Қаулы етілді:

    1. Қазандық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтасын.
    2. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңсыз сыйақыларды, сыйлықтарды және басқа да материалдық игіліктерді қабылдауға жол берілмесін.
    3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу қамтамасыз етілсін.
    4. Қызметтік этика талаптарын сақтау және қазандықтың мүлкін тиімді пайдалану жөніндегі бақылау күшейтілсін.

    Жиын төрағасы Бокенбаев Т.Р.

    Хатшы Тайсерикова А.Т.

    Жүктеу
    2a94b71c38b6fb04809346209c440fbc_original.610866.PDF
    PDF · 597 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру жөніндегі 1-лек қатысушылары бойынша комиссия отырысының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 1 хаттамасы

    Хаттама №1 Өтініш берушілердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысын қамтамасыз ету жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Үштөбе қаласы 14 шілде 2026 жыл ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

    https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=pool_orgs&ID=10194

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың ІІ тоқсанында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ақпарат

    Өнеркәсіп 2026 жылға жоспар 5200 млн. теңге, индекс көлемі 101 пайыз,қаңтар – маусым айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2720 млн.теңге, 2025 жылмен салыстырғанда 112,7 пайызды құрайды (2025 жылы 2675,5 млн.тенге). Өнерк...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан

    https://www.election.gov.kz/kaz/Qurultai/infografikakazQurultai/infografikakaz.php

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    https://www.election.gov.kz/kaz/Qurultai/audiotekakazQurultai/audiokazQurultai.php#

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=information-materials&ID=10194

    Жарияланды: