«Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартында:
қазақ тіліндегі мәтінде Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты мынадай редакцияда жазылсын:
« 20___жылғы "__" ________№ ______________
зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-
сақтандыру ұйымының филиалы
_______________________________________________________________
(сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-
_______________________________________________________________
сақтандыру ұйымы филиалының толық атауы және орналасқан жері) бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталады, Жарғы (Ереже), қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "өмірді сақтандыру" саласы бойынша "Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген
20___жылғы "____" ___________ №______ лицензия және Сақтандырушы
бекіткен "Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), арқылы бір жағынан, және Жеке тұлға (Жеке тұлғалар)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)),
_______________________________________________________________
туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,
_______________________________________________________________,
(сериясы, нөмірі)
____________________________________________________________________
_____ жылы "_____"________________________________________берген,
(берілген күні) (кім берген)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)),
_______________________________________________________________
туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,
_______________________________________________________________,
(сериясы, нөмірі)
_____ жылы "_____"______________________________________ берген,
(берілген күні) (кім берген)
бұдан әрі "Сақтанушы" немесе "Сақтанушылар" (екінші сақтанушы болған кезде) деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтанушының (Сақтанушылардың) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _____________ (цифрлармен және жазумен) теңгені құрайды және _____________ (цифрлармен және жазумен) теңге мөлшерінде басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасынан және _____________ теңгеден (цифрлармен және жазумен) (екінші сақтанушы болған кезде), _____________ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы жинақтарынан және _____________ теңгеден (цифрлармен және жазумен) (екінші сақтанушы болған кезде), _____________ (цифрлармен және жазумен) теңге мөлшерінде Сақтанушының жеке қаражатынан және _____________ теңгеден (цифрлармен және жазумен) тұрады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда Шартта көрсетілген тұлға, ал ол болмаған кезде Сақтанушының (Сақтанушылардың) және (немесе) сақтандырылушының зейнетақы аннуитеті мұрагерлері зейнетақы аннуитеті шартында көзделген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін бір реттік немесе ай сайын алуға құқылы, егер Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушылар оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда алады.»;
қазақ тіліндегі мәтінде 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін және (немесе) сатып алу сомасын алуға (Сақтанушының (Сақтанушылардың) қалауы бойынша толтырылады) мынадай тұлға (Тұлғалар):
______________________________________
_____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
________________________________________ (тұрғылықты мекенжайы),
___________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі),
__________________________________ жеке басты куәландыратын құжат) (бірнеше алушылар болған кезде деректер әрбір алушы бойынша жеке көрсетіледі) болып табылады).»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«15. Сақтанушы (Сақтанушылар):
1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін төлеу үшін өз қаражатын тарту кезінде өз қаражатын бір мезгілде толық көлемде салуға;
2) Сақтандырушы олар бойынша ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын дербес деректер және (немесе) банктік деректемелер өзгерген кезде бұл туралы Сақтандырушыға осындай өзгерту болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. Сақтандырушыға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарламау Сақтандырушыны дұрыс банктік деректемелер бергенге дейін ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Сақтандырушы:
1) Сақтанушыны (Сақтандырушыларды) сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебімен таныстыруға;
2) Шартты Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау туралы ақпаратты (хабарламаны) алған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына сатып алу сомасын аударуға;
Жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының филиалымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау туралы ақпаратты (хабарламаны) алған күннен бастап кесте бойынша төлемдер тоқтатылады;
4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға (Сақтанушыларға) немесе сақтандырылушыға (сақтандырылушыларға) мерзімін өткізіп алған әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 (бір жарым) пайызы мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге;
5) Сақтандырушының шотына сақтандыру сыйлықақысы сомасы аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша оның түскені туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;
6) Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
7) шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Шарттың 26-тармағында көзделген мөлшерде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.»;
23- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.
Шартқа сақтандырылушы болып табылмайтын пайда алушыны ауыстыру туралы өзгерістер енгізген, сақтанушының (сақтанушылардың), пайда алушының жеке деректері өзгерген кезде мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 225-бабы
2-тармағының талаптарына сәйкес келеді.»;
қазақ тіліндегі мәтінде 7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
« 7-тарау.Тараптардың деректемелері және қолдары
САҚТАНДЫРУШЫ _______________________________ (Сақтандырушының, филиалдың атауы, заңды мекенжайы, телефоны, факсы, E-mail) _______________________________ банк деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) _______________________________ Сақтандырушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Күні _______________________ |
САҚТАНУШЫ (САҚТАНУШЫЛАР) ___________________________________ ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты мекенжайы, телефоны, E-mail) ___________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________ ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты мекенжайы, телефоны, E-mail) ___________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________ банктік деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) ___________________________________ Сақтанушының қолы ___________________________________ Сақтанушының қолы (екінші сақтанушы болған кезде) Күні _____________________________ |
»;
қазақ тіліндегі мәтін Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына 1-қосымша Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
қазақ тіліндегі мәтін Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына 2-қосымша Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
- Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
қаулыға 1-қосымш
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік
шартына 1-қосымша
Сақтандыру төлемдерінің кестесі
Бірінші сақтандырылушы үшін төлеу күні |
Бірінші сақтандырылушы үшін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге) |
Бірінші сақтандырылушы үшін сатып алу сомасының мөлшері (теңге) |
Екінші сақтандырылушы үшін төлеу күні |
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге) |
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) сатып алу сомасының мөлшері (теңге) |
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімді сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады..
Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Актуарий ____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
қаулыға 2-қосымша
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік
шартына 2-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» ___________ № ___________ зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды
Сақтандырылушы туралы ақпарат | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
|
Туылған күні, жасы |
|
Жынысы |
|
Екінші сақтандырылушы туралы ақпарат (бар болса) |
|
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
|
Туылған күні, жасы |
|
Жынысы |
|
Шарт бойынша ақпарат |
|
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі |
|
Сақтандыру сыйлықақысының сомасы |
|
Бірінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері |
|
Екінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде) |
|
Басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері |
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы |
|
Екінші Сақтанушы үшін басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде) |
|
Екінші Сақтанушы үшін (екінші сақтанушы болған кезде) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы |
|
Бірінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі |
|
Екінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі |
|
Бірінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса) |
20___ жылғы «____» ______________ бастап 20___ жылғы «____» _____________ аралығы. |
Екінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса) |
20___ жылғы «____» ______________ бастап 20___ жылғы «____» _____________ аралығы. |
Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі |
|
Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері |
|
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда) |
|
Сақтандыру төлемінің мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда) |
|
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса) |
|
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері (бар болса) мен шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы |
|
Бірінші сақтандырылушы үшін бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері |
|
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері |
|
«Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі» жолында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормасын (нормаларын) көрсету қажет.
Актуарий ____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)