«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Есік қаласының №1 перинаталдық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Байқау кеңесінің мүшелеріне конкурстық іріктеу конкурсы өтетінің хабарлайды.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Байқау кеңесіне сайланбайтындар:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштердің қабылдау мерзiмi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбес:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау уақыты – 2026 жылдың 24-ші шілде айынан басталады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау уақытының аяқталуы - 2026 жылдың 24-ші тамыз айы.
Конкурс өткізетін орны: 040803, ҚР, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Ивушка ықшам ауданы, 1г, 3 қабат, Заңгер кабинеті, тел. 8 777 133 38 80 мем. тілде
Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу конкурсы («Есік қаласының №1 перинаталдық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны)
Жүктеу
Сообщение о начале конкурса по отбору членов наблюдательного совета в ГКП на ПХВ «Перинатальный центр № 1 города Есик»
Сообщение о начале конкурса по отбору членов наблюдательного совета в ГКП на ПХВ «Перинатальный центр № 1 города Есик»
DOCX · 17 КБ
Ұқсас материалдар
Ақпарат
Бос лауазымға орналасуға Конкурс «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Іле аудандық орталық ауруханасы»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Бос лауазымға орналасуға Конкурс «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Іле аудандық орталық ауруханасы»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны