2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарына 460 өтініш келіп түсті.
Оның ішінде:
– аудан әкімінің аппаратына – 156,
– ауылдық округтерге – 152,
– бөлімдерге – 152 өтініш келіп түскен.
Жалпы өтініштердің түрлері бойынша:
– 355 – арыз,
– 9 – шағым,
– 34 – ұсыныс,
– 62 – өзге өтініштер (хабарлама, сұрату, үн қосу).
2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (473 өтініш) 2,74%-ға немесе 13 өтінішке азайды.
Өтініштердің басым бөлігі келесі салаларға қатысты:
– жер қатынастары – 180,
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 50,
Келіп түскен 460 өтініштің 330-і қаралып, нәтижесінде:
– 136 – қолайлы әкімшілік шешім қабылданды,
– 51 – ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданды,
-62 - авторға жауап берілді
– 26 – іс жүргізу тоқтатылды,
– 6– назарға алынды,
– 49 – өзге де шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, 110 өтініш құзыретіне сәйкес тиісті мекемелерге жолданды, қарауда 20 қалды.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша:
Жалпы 174 қабылдау ұйымдастырылып, 214 азамат қабылданған. Оның ішінде:
– аудан әкімі – 10 қабылдау, 34 азаматты қабылдады;
– аудан әкімінің орынбасарлары – 29 қабылдау, 37 азаматты қабылдады;
- ауылдық округінің әкімдері – 54 қабылдау, 59 азаматты
қабылдады;
- бөлім басшылары – 77 қабылдау, 78 азаматты қабылдады.