Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметіне жүргізілген
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудандық ішкі саясат бөлімі) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аудандық ішкі саясат бөлімінің 2026 жылғы 18 маусымдағы №55 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
1)Аруев Нұрғали Латифұлы-аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы; 2)Бекбаева Гүлнар Қырықбайқызы- аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
3)Төлегенова Гүлфайруз Төлегенқызы- аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2025 жылдың 1 мамыры мен 2026 жылдың 1 мамыры аралығындағы кезең қамтылды.
- Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Аруевқа топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
Сипаттама бөлігі:
- Персоналды басқару:
Е-өтінішке түскен өтініштердің орындалу мерзімінің асып кету қаупі туындау болған жоқ.
- Мүдделер қақтығысын реттеу:
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы анықталмады.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету:
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік сатып алулар бойынша қиындықтар болған жоқ. Жауапты маман – бөлімнің есепшісін атқарылатын қызметтерде біліктілігін арттыру бойынша оқыту мүмкіндігін қарастыру қажет.
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде қаржы игеруде немесе бөлуде қаупі туындау фактілері орын алған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша қиындықтар мен мәселелер туындаудың алдын-алу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша жауапты тұлғаларды заңдылықтарға оқыту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінде келесідей ақпараттық жүйелер қолданылады: Интегро, ОДО, Е-өтініш, Парус, ЕСП поштасы, Мемлекеттік сатып алу порталы. Ақпараттық жүйелер қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.
- Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының төрағасы Н.Аруев
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі Г.Бекбаева
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
жұмыс тобының мүшесі Г.Төлегенова