ҚР ТЖМ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депаратментінің
2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 94 бұйрығына 11-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті психологиялық қызмет тобының ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
- Психологиялық қызмет тобы (бұдан әрі-топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Топтың штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
- Топ бас маман-психологтан тұрады.
4.Топқа жалпы басшылықты Департамент бастығы жүзеге асырады
2 тарау. Негізгі міндеттері мен функциялары,
топтың құқықтары мен міндеттері
- Міндет:
- Төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- Функциялар:
1) Төтенше жағдайлар аймағында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша гарнизон бөлімшелерінің психологтарына басшылық ету;
2) Төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізу және ол аяқталғаннан кейін оңалту;
3) Төтенше жағдайлар кезінде телефондағы "Қауырт желі" жұмысын ұйымдастыру;
4) зардап шеккендерді,сондай-ақ төтенше жағдайда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарын, жақындарын ақпараттық-психологиялық сүйемелдеуді, оның ішінде медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну мүмкіндігі туралы анықтамалық ақпарат беруді қамтиды;
5) Департаментпен төтенше жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша жаттығу сабақтарын, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды жоспарлауға және өткізуге қатысу.
- Міндет:
- Жеке құрамның кәсіби қызметіне психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
- Функциялар:
1) қызметкерлердің, қызметке кандидаттардың жеке, зияткерлік сипаттамаларын зерделеу және кәсіби міндеттерді орындау мақсатында психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;
2) жоғары тұрған лауазымдардың кадрлық резервін қалыптастыру үшін психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұсынымдар дайындау;
3) жеке құрамды кәсіби-психологиялық даярлау;
4) тереңдетілген психологиялық-педагогикалық назар аударуды талап ететін жеке құраммен (байқау тобы) жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5) жеке құрамға психологиялық консультация беру;
6) қызметкерлер арасында аутоагрессивті мінез-құлық нысандарының (суицидтердің) алдын алу бойынша психологиялық жұмысты ұйымдастыру;
7) басшылар үшін жеке құраммен жұмыста тәртіпті бұзудың профилактикасы мен алдын алудың ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
8) кәсіби міндеттерді орындауды жұмылдыру үшін ұжымдармен және басшылық құраммен қызметтік (оқу) ұжымдарды біріктіру бойынша әлеуметтік психологиялық тренингтер, тимбилдинг ұйымдастыру және өткізу;
9) топтың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге қатысу;
10) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
11) Нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Топтың Құқықтары:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент басшылығының кеңестерінде қарау туралы ұсыныстар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3 тарау. Топ қызметін ұйымдастыру
- Топ заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Министрліктің бұйрықтарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;
- бас маман-психологты Департамент бастығы лауазымына қызметке тағайындайды және босатады;
- жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, өз құзыреті шегінде гарнизон психологтарының жұмысына жетекшілік етеді.
____________________________