Азаматтық қорғау органдарының қызметіне денсаулық, дене бітімнің дамуы, білім деңгейінің жағдайына оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған отыз бес жасқа дейін азаматтар (18 жасқа толған), тұруы мүмкін. Құқық қорғау органдарына қызметке тұру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адамдарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған адамдардың құқық қорғау қызметіне конкурстық iрiктеусiз тұруға құқығы бар. Қызметке түсу кезінде кандидаттар медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық куәландырудан, сонымен қатар, міндетті арнайы тексерістен өтуге міндетті. Кандидаттар заңнаманы білуіне тестілеуден өту қажет (тестілеу ережелері 20.09.2016 ж. № 1 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген): І бағдарлама – «C-SVО-8» (аға инспектор, аға инженер); «C-SVR-7» (аға инженер); «C-SVU-12» (аға инспектор, оқытушы, оқытушы-әдіскер); «C-SVU-9» (аға оқытушы, ғылыми қызметкер, аға оқытушы-әдіскер); «C-SVU-8» (профессор, доцент); ІІ бағдарлама – «C-SVО-7» (бас маман-психолог); «C-SVО-9» (инженер, инспектор); «C-SVR-8» (инженер); «C-SVU-13» (оқытушы-әдіскер, оқытушы, инспектор); «C-SVU-15» (карауыл бастығы); «C-SGU-11» (бас маман-психолог); «C-SGU-12» (аға инженер, аға инспектор); «C-SGU-13» (инженер, инспектор); ІІІ бағдарлама – «C-SV-12» (аға техник, жедел кезекшінің көмекшісі, бөлімше командирі, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, есепжөніндегі аға технигі, қаруландыру қоймасының меңгерушісі, кезекшінің көмекшісі, өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушысы, аға өрт сөндіруші-құтқарушы, байланыс аға шебері); «C-SV-13» (техник, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, өрт сөндіруші-құтқарушы, радиотелефоншы, диспетчер); IV бағдарлама - «C-SVО-9» (инженер, инспектор); «C-SVR-8» (инженер); «C-SVU-13» (оқытушы-әдіскер, оқытушы, инспектор); «C-SVU-15» (карауыл бастығы); «C-SGU-11» (бас маман-психолог); «C-SGU-12» (аға инженер, аға инспектор); «C-SGU-13» (инженер, инспектор). Қолында оң нәтижесімен сертификат болғанда кандидат орналасқысы келетін азаматтық қорғау аумақтық органдарының (облыстар,республикалық маңызы қалалар және астана Төтенше жағдайлар департаменттері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Көкшетау техникалық институты) кадр қызметіне олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларға медициналық, психофизиологиялық куәландыру және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберуге өтініш білдіру. Кейін кандидат келесі кезеңдерді қамтитын конкурстық іріктеуге қатысады: құжаттардытапсыру (конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде); дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру; конкурстық комиссиямен әңгімелесу. Конкурстық комиссиямен қызметке қабылдау туралы оң қорытынды қабылданған қатысушы, бастапқы оқыту өткізуге дейін, арнайы тексерістен және тағылымдамадан өтеді (тағылымдаманың ұзақтығы сәйкес лауазымдар бойынша стажер ретінде кандидат тағайындау күнінен бастап бір айдан кем емес болу қажет). «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құқық қорғау қызметіне: • заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған; • әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар; • қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген; • қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан; • құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; • құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; • қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; • сыбайласжемқорлыққылмысжасаған; • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған; • бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды. Қызмет өткеру кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері: 1) ақшалай үлеспен ұстау (лауазымдық айлық және арнаулы атағы бойынша айлық) және коммуналдық қызметтерге шығындарын төлеуге ақшалай өтемақымен қамтамасыз етіледі; 2) нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі; 3) мемлекеттік есебінен медициналық қамтамасыз ету алады; 4) қызметкерлерге жыл сайын екі лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеумен демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты орнатылады (30 түліктен бастап 45-ке дейін); 5) шекті жасқа жеткен жағдайда зейнетке шығу құқығы бар: майорға дейін – 48 жаста; подполковникке дейін – 50 жаста; полковникке дейін – 55 жаста; 6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бірінші кезектегі қамтамасыз ету құқығы бар. Толығырақ ақпаратты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты бөлімінде 8-7262-999-053 телефоны арқылы алуға болады. Аумақтық төтенше жағдайлар бөлімшелері кадр қызметтерінің байланыс телефондары: Жамбыл облысы ТЖД: 8-7262-999-053 Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ: 8-7262-999-091
Құқық қорғау органдарына қызметке тұру конкурстық негіздері
Ұқсас материалдар
2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау
Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...
2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...
2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
№ 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...
2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...
2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ
2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...