Өрт депосы және өрт техникасы туралы мәлімет
ТЖД құрылымы: 1 ТЖБ ( Тараз қ.), 10 аудандық ТЖ бөлімдері, 2 МӨСБ, 13 ӨСБ, 4 ӨБ, «ӨСжАҚЖҚ» ММ (жедел-құтқару жасағын (бөлім құқығында) есепке ала отырып) бар.
Жедел бағыныстағы бөлімше: «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы.
2021 жылғы 3 айындав едомстволық бағынысты бөлімшелермен 392адам (2020 ж. – 458, -14%)қ ұтқарылды ,эвакуацияланған 644 адам (2020 ж. – 355, +81,4%), дәрігерге дейінгі медициналық көмек 29 адамға (2020 ж. – 29) көрсетілді .
584 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды (2020 ж. – 449, +30%), оның ішінде:
тұрмыстық сипаттағы – 205;
авариялық-құтқару жұмыстары – 315;
іздестіру-құтқару жұмыстары – 11;
жол-көлік өқиғалары – 53.
2021 жылғы 3 айында156(2020 ж.– 147, +6%) техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ( оқиғаларды есепке алмағанда) тіркелді. 1438 адам зардап шекті (2020 ж.– 10, +144 есе), оның ішінде 11 адам қаза болды (2020 ж.–2, +5,5 есе).
Жамбыл облысында аумағын, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекет меншігіндегі өмірлік қамтамасыз ету нысандарындағы өртке қарсы қорғалуын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме)20 бөлімшесі жүзеге асырады, оның ішінде: 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 13 өрт сөндіру бөлімі, 1 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметі және аудандарда орналасқан 4 өрт сөндіру бекеті.
Мекеменің автокөлік паркін әртүрлі бағыттағы 132 бірлік өрт сөндіру техникасы құрайды, оның ішінде:
- негізгі өрт сөндіру техникасы – 64 бірлік.
- арнайы өрт сөндіру техникасы – 12 бірлік.
- көмекші техника – 56 бірлік.