Өрттің алдын алу

    ·

    Өрттің алдын алу

    Жыл сайынғы тәжірибе аясында жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрттерді, газ баллондарының жарылыстарын, халықтың қаза болуы мен жарақаттануын азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені іске асырылуда. Бұл мәселе тұрақты негізде облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралуда. Аз қамтылған отбасыларына электр жүйелері мен жылыту пештерін жөндеу, тұрғын үйлерде улы газды анықтайтын автономды датчиктерін орнату шараларына ерекше назар аударылып, тұрақты бақылауға алынды.

    Күн сайын азаматтық қорғау органдары, полиция қызметкерлерін, еріктілерді, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерін тарта отырып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша халыққа жадынамалар, буклеттер, ұсынымдар тарата отырып, аула аралау және жиындар өткізуде, сондай-ақ әрбір демалыс күндері өрт қауіпсіздігі сенбіліктері ұйымдастырылуда, олардың нәтижелері баспа беттерінде кеңінен жариялануда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және ақпараттық агенттіктерде көрсетілуде. 2020-2021 жылдары жылыту маусымында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметі, еріктілер және «ҚазТрансГазАймақ» ЖӨФ АҚ өкілдерімен бірлесіп, 113490 тұрғын үйде 199 мыңнан асатам адамның қамтуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 607 жиын ұйымдастырылып 11 мыңнан астам адам қамтылды. 2021 жылғы ақпан - наурыз айлары аралығында полиция қызметкерлерін, еріктілерді, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерін тарта отырып, 938 көп қабатты тұрғын үйдің 35444 пәтеріндегі 57800 тұрғындармен жадынама тарату арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Аталған профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйлерге тауарлық газды жеткізуге шарттар жасасу кезінде тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша нұсқама жүргізілді.

    Жеке тұрғын үй секторларында өрт профилактикасы мақсатында информациялық агенттіктермен, облыстық телеарналардың қатысуымен 9 брифинг өткізілді. «Жамбыл» және «77 ТВ» телеарналарында күнделікті тематикалық бейнероликтер көрсетілуде. Жылу беру маусымы кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында 638 мақала жарық көрді, оның ішінде: телевизиялық арналарда - 52, баспа басылымдарында - 409, радиода - 177. Облыстық радиода орын алған өрттер саны, олардың шығыны және себебі мен қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мәліметтер жариялануда. Интернет ресурстарында 398 астам шығарылымдар, әлеуметтік желілерде 778 материал жарық көрді. Адамдар жаппай жиналатын объектілерде дауыс күшейткіш құралдары арқылы 5039 шығу ұйымдастырылды.

    Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі тақырыбында 14 бильброд және 9 баннер орнатылды. Сауда орталықтарында, ХҚО-да светодиодтық жарнамалық жүгіртпе жолдарында және телеарналық экрандарда, сонымен қатар «Авторадио FM» өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салу ұйымдастырылды.

    Үстіміздегі жылдың қаңтар - ақпан айларында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ-ның газ тұтынушыларға берілетін түбіртектеріне жазылған «газ жабдықтарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» бойынша 217 200 дана хабарламасы таратылды.

    Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 10325 тұрғын үй тұрғын есепке алынды, олар толық көлемде профилактикалық жұмыстармен қамтылды, нәтижесінде 1690 үйде 2020 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы орын алды. 8531 үйде анықталған бұзушылықтар толық жойылды.

    Қазіргі таңда осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерінде 1499 улы газ датчиктері (оның ішінде 826 улы газ датчигі және 673 табиғи газ датчигі) орнатылды .

    Сонымен бірге, тұрғындардың және демеушілердің көмегімен газ отыны жаңадан тартылған абоненттердің тұрғын үйлеріне 2020 жылы 7500 газ талдауыштар, үстіміздегі жылы 16312 газ талдауыштар орнатылды. Тараз қаласы мен аудан әкімдері тарапынан аз қамтылған 65 жеке тұрғын үйлердің жылыту пештеріне жөндеу, 442 тұрғын үйдегі мұржаларды тазарту және 42 тұрғын үйдің жарамсыз электр сымдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

    Облыс аумағында 558 қоғамдық тамақтандыру объектілері қызмет атқарады. Аталған объектілерде адамдарының қаза болуына жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандарының қатысуымен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының (тұрмыстық газ баллондар) қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық рейдтік үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру жоспары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді. Бұл жоспарды іске асыру аясында 2021 жылғы наурыз айында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлері, Тараз қаласы мен аудан әкімдірінің өкілдері және «КазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ өкілдерінің қатысуымен облыс аумағындағы 558 қоғамдық тамақтандыру объектілерінде газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық рейдтік үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 1500 астам адаммен нұсқаулық өткізілді және жадынамалар таратылды. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ өкілдерінің, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәспкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен тауарлық газды газ тарату жүйесі бойынша тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларымен 12 дөңгелек үстел отырысы өткізілді, онда орын алған проблемалық мәселелер қаралып, оларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар әзірленді және газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

    Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ағымдағы жылғы жылыту маусымында өрттер саны 17% (2019 – 2020жж.-261, 2020 -2021 жж. - 307), өрт кезінде қаза болғандар саны 2,8 есеге (2019 – 2020жж.-5, 2020 -2021 жж. - 14),, өрт туындамай тұншықтырғыш газбен улану нәтижесінде жарақат алған адамдар саны 88% (2019-2020жж. – 18, 2020 -2021 жж. - 34) өскен. Айта кету керек, тұрғын үй секторында өрттің өсуі қалыптасқан отбасыларының үйлерінде орын алған, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғын үйлерінде өрт пен тұншықтырғыш газбен улану оқиғалары тіркелмеген

    Жүктеу
    Профилактика пожаров
    Профилактика
    DOCX · 33 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды: