Мемлекеттік өрт бақылауды ұйымдастыру

    ·

    Мемлекеттік өрт бақылауды ұйымдастыру

    Мемлекеттік өрт бақылау қызметі жеке және заңды тұлғалармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған және оның мақсаты өрттерден мемлекетті, қоғамды мүліктерді және адамдарды қорғаудың тиісті жағдайы болып табылады. Қазіргі таңда Жамбыл облысы аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды нақты 61 азаматтық қорғау органы қызметкерімен жүргізілуде және олар өздерінің қызметтерін Техникалық регламенттер мен ережелер және қолданыстағы объектілерге арналған белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарымен регламенттейді.

    Республика аумағында құқықтық статусына, жеке меншігіне және қызмет түріне қарамастан тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалауды жүргізу мен ұйымдастыру саласы бір құжатпен реттелген, бұл Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі-КК).

    2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «тоталды» бақылау принципінен кетуге және бизнеске қысым келтіруді азайтуға бағытталған, барлық бақылаушы мемлекеттік органдарға бақылау мен қадағалаудың біркелкі үлгісі мен әдіс түрін қамтитын бақылау мен қадағалаудың жаңа әдістемесі енгізілген.

    Бақылау жүргізудің жаңа көзқарасымен жоспарлы тексеру түсінігі қысқарған және бақылаудың ең қауіпті саласына, оның ішінде өрт қауіпсіздігі саласында және тек қана жоғарғы қетер тобына жататын объектілерге ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу енгізілген.

    Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша Критерилерге сәйкес жоғарғы қатер деңгейіндегі объектілеге келесі объектілер жатқызылған, яғни ірі өртке қауіпті және өндірістік кәсіпорындар, тіршілікті қамтамасыз ететін және адамдар жаппай жиналатын объектілер, әлеуметтік саладағы, білім беру, денсаулық сақтау, ірі сақтау (қойма) объектлері және т.б., бұл объектілер өрттің орын алу қаупі жоғары және олардың салдарынан адамдарға және материалдық құндылықтарға ауыр зардаптар әкеледі.

    Анықтама: Барлығы есепте 8661 объекті бар, оның 2132(24%) жоғарғы қатер тобына жатқызылған. Жоғарғы қатер тобына жатпайтын (маңыздылығы шамалы) - 6529 объекті. Аталған объектілер ерекше тәртіп, азаматтық қорғау органының бастамасы бойынша бақылауға жатпайды және тек қана (шағым, прокуратура органының тапсырмасы немесе бастамашылық өтініш түскен кезде ) жоспардан тыс тәртіпте тексеріледі.

    Тексерілетін субъектілерге қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің жиілігі күнтізбелік жыл ішінде бір реттен аспайды.

    Қауіп қатер деңгейін бағалау жүйесі қайта қаралды. (ҰЭМ бұйрығымен бекітілген біркелкі әдіске сәйкес қалыптастырылуда). Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу үшін қауіп қатерді бағалау критериі шынайы және субъективті критериі амалымен қалыптастырылуда:

    - шынайы критерий – бұл объектіні жоғарғы және маңыздылығы шамалы қатер тобына бөлу мен топтастыру.

    - субъективті критерий – бұл ұқыпты тексерілетін субъектіні ынталандыру принципін іске асыру мақсатында қолданылатын ерекеше тәртіп бойынша тексеруден босату механизімі.

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13 тарауы тексерілетін субъектілерге қолайлы жағдай жасайды және негізсіз, кенеттен тексерулерге жол бермейді.

    Яғни, тексеру жүргізу күнін кәсіпкер алдын ала біледі, тексеру жүргізудің жарты жылдық жоспары жарты жылдық басталғанға дейін Бас прокуратураның сайтында жарияланады. Тексеру жүргізуден 30 күнтізбелік күн бұрын тексерілетін субъекті хабарланады.

    Тексеру жүргізу процессінде кәсіпкерге тек қана тексеру парағында айқындалған талаптар қойылады, олар барлығына қолжетімді және ол бойынша тексеру алдында дайындалуға болады.

    Кодекстің жоғарыдағы ережелері тексерілетін субъектіге алдағы тексеру туралы білуге, тексерілетін талаптарды білуге және оларға дайындалуға қажетті уақыттың болуына мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тексеру нәтижесі бойынша келіспекшіліктің болуына жол бермейді.

    Қазақстан Респубикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 4 тармағы 38 бабына сәйкес егер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тақырыбы бойынша тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталған жағдайда тексерілетін субъектіге анықталған кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік өртке қарсы қызметті ұйғарымдамасы табысталады.

    Тексерілетін субъектіге кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдама тексеру ақталған күні беріледі.

    Өз кезегінде тексерілген субъекті берілген ұйғарымдамаға қосымша уақттың және қаржылық шығынның қажеттегі болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарсылық болмаса анықталған кемшіліктерді жою мерзімі көрсетілген шаралар туралы ақпаратты ұсынуға құқылы, ол Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларында көрсетілмеген кезде тексеру жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісіледі (Кодекстің 4 тармағы 152 бабы).

    Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында 2021 жылғы 3 ай ішінде 444 объектіге тексеру жүргізілді. 4372 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 488 тұлғалар тартылды, оның ішінде 154 жеке және заңды тұлғаларға жалпы соммасы 4 млн. 667 мың 200 теңге айыппұл салынды және 334 тұлғаға ескерту берілді. Сот органдарымен объектінің жұмысын тоқтату бойынша 6 талап арыз экономкалық сотқа және 11 әкімшілік істер әкімшілік сотқа жолданды.

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы 2021 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу графигіне 586 объекті енгізілді. Шаралар қабылдау үшін тиісті ақпараттар мүдделі және жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

    Қоғамдық –саяси және жаппай мәдени – сауықтыру іс – шараларын өткізу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылданып отырды.

    Жүктеу
    Организация государственного пожарного контроля
    Информация
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды: