Газ түтіннен қорғау қызметі

    ·

    Газ түтіннен қорғау қызметі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде 15 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтінен қорғау қызметі (бұдан әрі – ГТҚҚ) құрылған. Облыстың ГТҚҚ: 1 ГТҚҚ базасы, 15 бақылау бекеті, 1 жылу-түтін даярлау кешені ЖТК-5, 1 жылу-түтін камерасы және 1 отты психологиялық жолағынан тұрады.

    Жуалы ауданы № 7 ӨСБ, Байзақ ауданы №8 ӨСБ, Қордай ауданы №12 ӨСБ, Меркі ауданы №9 ӨСБ, Шу ауданы Төле би ауылы №19 ӨСБ мен Шу қалалық №5 өрт сөндіру бөлімдеріндегі ГТҚҚ бақылау бекеттері бейімделген ғимараттарда орналасқан, олар тәлімдеменің қойлатын талаптарына сәйкес келмейді.

    Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында жалпы 387 газ-түтінен қорғаушы бар, жауынгерлік кезекшілікте күнделікті орташа есеппен 18 газ-түтінен қорғау қызметінің буыны бар, жалпы 60 газ-түтінен қорғаушы адамды құрайды. Мемлекеттік мекеме басқармасында 22 қызметкердің газ-түтінен қорғаушы деген біліктілігі бар, сығымдалған ауа аппараттарда жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

    Нақты тыныс алу апараттарының саны 219 дана («Drager» және MSA «Аuer»), оның ішінде жауынгерлік есепте 80 аппарат, резервте 139 аппараттар бар. «Drager» және MSA « Аuer» тыныс алу аппараттарының пайдалану мерзімі - 5 жылдан 15 жылға дейінгі аппарттар. Жамбыл облысы гарнизонда газ түтінен қорғау қызметі толық жұмыс істеуіне сығымдалған ауалы аппараттар саны жеткілікті, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын қосымша алуды қажет етпейді.

    Гарнизонда 470 дана сығылған ауа баллондары бар, оның ішінде: 295 данасы компазиттік және 175 болат боллондар.

    Министрліктің бекіткен кестесіне сәйкес барлық ауа баллондары ағымдағы жылы Алматы қаласында (наурыз, маусым айларында) куәландырудан өтуі тиіс.

    Бүгінгі күні, 218 ауа баллондары 11-21 наурыз аралығында куәландыруға жіберілді. Сонымен қатар, мұнда дайындаушы зауыттың ауа баллондарын пайдалану мерзімі 15 жылдан аспайтынын атап өту қажет. Осыған байланысты 2006 жылы жеткізілген ауа баллондарының пайдалану мерзімі 2021 жылғы мамырда аяқталатынын ескерген жөн. Аталған мәселені, бүкіл республика бойынша орталықтандырып шешуді ұсынамыз.

    Гарнизонда ауа баллондарын толтыруға арналған 3 дана қондырғы ауа компрессорлары: «Ваer»РЕ-500 VE-F01, MSA«Аuer» F-550 и Е-3 MARINER-320В 4 жылжымалы «Ваer»РЕ-100 ТВ F02 ауа компрессорлары бар. Алшақ орналасқан 4 аудандық өрт сөндіру бөлімінде (Жуалы ауданы №7 ӨСБ, Сарысу ауданы №16 ӨСБ, Т.Рысқұлов ауданы №10 ӨСБ мен Шу ауданы №19 ӨСБ) ауа баллондарын толтыру пунктілері орналасқан.

    Әлі де, алшақ орналасқан 3 өрт сөндіру бөлімінде (Қаратау қаласы №12 ӨСБ, Қордай ауданы №12 ӨСБ мен Мойынқұм ауданы №18 ӨСБ) ауа баллондарын толтыру пунктін орналастыру қажет. Жоғарыда аталған 3 өрт сөндіру бөлімдері ара-қашықтығы 100 шақырымнан аса ара-қашықтықта орналасқан ауа толтыру пунктарынан тасмалдауға мәжбүр болып отыр.

    Жалпы гарнизонға 24 дана жылжымалы ауа компрессорлары қажет.

    Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру үшін, аппараттар мен бет панорамалық маскаларын тексеруге арналған 10 тестер бар. Тыныс алу аппараттарын тексеру үшін тестерлерге қажеттілік – 5 бірлік (15 тестер болуы қажет).

    Сондай-ақ, жауынгерлік есепте 15 тасымалды түтін сорғыш (ДП – 7-13 бірлік, ДП – 10-2 бірлік) бар.

    2020 жылы сығылған ауа аппараттарын жөндеу үшін, 1,3 млн.теңгеге қосалқы бөлшектер сатып алынды.

    2020 жылы өрттер мен жануды сөндіру кезінде және АҚЖ жүргізу кезінде жалпы 81 рет ТОЖҚҚ пайдаланған, жұмыс атқару уақыты 3768 минут.

    Бөлімшелерде әр тоқсан соңында, нормативтерді және ГТҚҚ бойынша нормативтерді орындау бойынша сынақтар қабылдау арқылы хаттама жасалады.

    Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизоны мен жақын орналасқан аудандардағы бөлімшелерде ГТҚҚ бойынша нормативтерді орындау және сынақтар қабылдау сапасын бақылау КӨСҚ күнделікті қызметінде кезекші ауысымдары жүзеге асырады. Жыл қорытындысы бойынша барлық өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде семинар-сабақтар өткізілді.

    Газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыруда бірқатар шешілуі қажет ететін мәселелер бар:

    - ауа баллондарының вентильдерін ауыстыру және MSA «Аuег» тыныс алу аппараттарының демалу аппараттарына қосалқы бөлшектердің болмауы түйіткілді мәселе болып табылады;

    - MSA «Аuег» және «Drager» тыныс алу аппараттары мен панорамалық маскаларға (мембраналар, дем алу, дем шығару клапандары және шыны маскалар) жөндеу жинақтары жоқ;

    - бөлімшелердегі жеке құрам санының аздығы, газ-түтіннен қорғау қызметінің мінсіз моделін құруда жүз пайыздық көрсеткішіне кедергі келтіретін басты факторлардың бірі болып табылады.

    Сонымен қатар, ГТҚҚ автомобилінің жоқтығы, ҚР ІІМ 2020 жылғы №259 бұйрығымен бекітілген жарақтандыру нормасына сәйкес, облыс бойынша газ-түтіннен қорғау қызметіне 4 дана ГТҚҚ автомобилі талап етіледі.

    Жүктеу
    Газодымозащитная служба
    Газодымозащитная служба
    DOC · 47 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды: