ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ӨҢІРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

    ·

    Облыстың табиғи жағдайларының ерекшеліктері оның аумағының табиғи апаттарға, ал ірі өнеркәсіптік объектілердің болуы - технологиялық апаттарға айтарлықтай сезімталдығын анықтайды.

    Жамбыл облысы аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан 2018-2020 жылдар аралығында 214 адам зардап шекті, олардың ішінде 81 адам қаза тапты, материалдық залал 354,5млн.теңгені құрады.

    Өрттер

    Тіркелетін барлық төтенше жағдайлардың 80%-дан астамы тұрмыстық және өндірістік өрттерге тиесілі. Адамдардың көп қаза болуының және материалдық залал сомасының себептері халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы болып табылады.

    Өрттердің салдарын, сондай-ақ олардың даму динамикасын зерттеу үлкен аудандарға жанудың таралуы мен адамдардың қайтыс болу жағдайларының басым көпшілігінде жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдерінің алыстығына, облыстың көптеген елді мекендерінде өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің болмауына, сондай-ақ ерікті өртке қарсы құралымдардың өрттерді сөндіру және суды, қолда бар өрт сөндіру құралдарын жеткізу үшін қажетті арнайы техникамен жинақталмауына байланысты оларды уақтылы сөндіруге ықпал ететінін куәландырады. Сонымен қатар, ауылдық округтерде өртке қарсы ерікті құралымдарды жинауға бірнеше сағат кетеді, Шаруашылық субъектілерінің қарауындағы өрт сөндіруге бейімделген техника уақтылы келмейді.

    Өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінің жеткілікті санының болмауы іс-қимылдың нормативтік радиусын сақтауға және қоныстану аймағында өрттерді жою кезінде жедел ден қоюға мүмкіндік бермейді.

    "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ теңгерімінде барлығы 19 өрт сөндіру депосы ғимараты бар (8 ғимарат – үлгілік, 11 ғимарат – бейімделген). Ғимараттардың басым бөлігі күрделілігі мен көлемі әртүрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді (күрделі жөндеу – 9 өрт сөндіру ғимараты.5-ӨСБ,7-ӨСБ,8-ӨСБ,9-ӨСБ, 12-ӨСБ, 13-ӨСБ, 16-ӨСБ, 17-ӨСБ, 19-ӨСБ депосы және 10 өрт сөндіру ғимараттарының депосы ағымдағы жөндеу жұмыстары), кейбір ғимараттар техникалық және санитарлық нормалардың талаптарына толық сәйкес келмейді.

    1 мыңнан астам халқы бар облыстың шалғай елді мекендерінде жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру автомобильдерімен және бейімделген техникамен жарақтандырылған 12 өрт сөндіру бекетін құрды.

    Халықты құлақтандыру

    Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар ету кез келген елді мекеннің тұрғындарын қандай да бір төтенше жағдайлардың теріс салдарларынан қорғауға мүмкіндік беретін қажетті қауіпсіздік шарасы болып табылады.

    Бүгінгі күні Жамбыл облысында 376 елді мекен, оның ішінде 339 елді мекен құлақтандыру жүйесімен жабдықталмаған, 37 елді мекен жарақтандырылған (Тараз қаласы, 10 аудан орталығы, Байзақ ауданының Бәйтерек, Бұрыл, Қостөбе,ТүймекентауылдарыЖамбыл ауданының Айша би ауылы, Гродеково ауылы, Қызылқайнар ауылы, Жасоркен ауылы, Шайқорық ауылы, Қордай ауданының Масаншы ауылы, Бұлар батыр ауылы, Қасық ауылы, Сортөбе ауылы, Меркі ауданының Жамбыл, Сарымолдаев, Ақтоған, Жаңатоған, Андас батыр, Кеңес, Тәтті, Ойтал, Т. Рысқұлов ауылдары, Мойынқұм ауданының Жамбыл, Көкжелек, Күшаман ауылдары, Шу қаласы). Елді мекендер бойынша жарақтандырылуы 10% - ды құрайды.

    Су тасқыны және су басу.

    Облыс аумағында су басу аймағының қалыптасуы Шу, Талас, Аса өзендерінің жайылмаларынан шығуынан және еріген қар-жаңбыр суларынан тау етегіндегі елді мекендерді су басуы мүмкін.

    Жамбыл облысында көктемгі кезеңде су басуға бейім 38 елді мекен бар, оның 28-і су объектілерінде су деңгейінің артуы нәтижесінде, 10-ы еріген қар суларының әсерінен.

    2018 жылы Т. Рысқұлов ауданының 3 елді мекенінде 30 аула аумағы су тасқынына ұшырады. (Ақыртөбе – 5 аула; Тереңөзек – 19 аула; Мамай – 6 аула).

    "2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені" Жол картасын орындау шеңберінде 2017-2020 жылдар кезеңінде жоспарланған 26 объектінің 25-інде жұмыстар аяқталды.

    Елді мекендерді тасқын және еріген сулардан қорғау мақсатында "2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені" Жол картасы (бұдан әрі – жол картасы) бекітілді.

    Жалпы ұзындығы 25,4 км Талас өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар іске асырылмаған. Аталған іс-шара 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасына ауыстырылды.

    Жетістік жолдары:

    - өрт сөндіру деполарын салу және күрделі жөндеу.

    - шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңмен құру, оның ішінде тұрмыстық және орманды дала өрттерін сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өрт техникасы мен жабдығын, арнайы жауынгерлік киімдер мен керек-жарақтар сатып алу;

    -құтқару бөлімшелері үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын сатып алу.

    - - өзендердің тасқын қаупі бар учаскелерінде су тасқынына қарсы, жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;

    - Сиреналық-сөйлеу құрылғыларын сатып алу

    Жүктеу
    Развитие инфраструктуры и безопасность региона в области гражданской защиты
    DOCX · 44 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды: