Құрметті Қордай ауданының тұрғындары!
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің келесі комиссия құрамы: Штаб-тобының аға инспекторы азаматтық қорғау капитаныА.Бейсбекова, Кадр саясаты басқармасының бас маманы-жеке құрам бойынша инспекциясы азаматтық қорғау капитаны Ә.Калханов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны А.Баянов, Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері лейтенант Р. Темирбеков, Төтенше жағдайлардын алдын алу басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Д.Жапаров Жамбыл облысы ТЖД Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің, Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» ММ Қордай ауданы Қордай ауылы № 15 өрт сөндіру бөлімінің, Қордай ауданы Отар ауылы № 17 өрт сөндіру бекетінің жедел-қызметтік жұмысына тақырыптық тексеру жүргізуге 2021 жылдың 29 мен 30 қараша аралығында Қордай ауданына іс-сапарға шығады.
Егер Сіз жоғарыда аталған комиссия құрамы тарапынан әдепсіздік таныту деректеріне, яғни өзінің іс-сапар шығыстарын төлету, дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастырту және оған қатысуына тап болған жағдайда, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне, « Zhambyl Adaldyq Alany » жобалық офисіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы хабарлауды немесе жазбаша арызбен жүгінуді сұраймыз.
Жамбыл облысы ТЖД әлеуметтік желілердегі парақшаларының сілтемелері:
https://www.instagram.com/jambyl_tjd/
https://www.facebook.com/departament.emer.zhambul
Осы мәселе бойынша толық ақпарат алу үшін (мемлекеттік орган басшысының байланыс телефондарын көрсету қажет), 8 7262 45 57 20, 8 7262 45 17 37, +7 747 200 0094, +7 701 191 6670 телефондары арқылы хабарласуға болады.