Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарына ұялы байланыс операторлары арқылы 17 және 18 қарашаға қараған түні оңтүстік-батыс бағытта жылдамдығы 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болатын желдің күшеюі туралы СМС-хабарлама арқылы дауылды ескерту жеткізілген болатын.
Екпінді желдің салдарынан жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердің, әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектілері шатырларының бұзылуы болған. Электр желілерінің үзілуі, ағаштардың, бұтақтардың, электр желілері тіректерінің, жол белгілерінің және билбордтардың құлау жағдайлары орын алған.
Облыстағы қалыптасқан жағдайдың нәтижесінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылды. Департаментте табиғи апаттың салдарын жою жөніндегі штаб ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 51-41-67, 51-35-75 нөмірлері бойынша психологиялық көмек көрсету үшін қауырт желісінің жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 417, оның ішінде 400 - анықтамалық сипатта, 17 - көмек көрсету бойынша қоңыраулар түсті.
Облыс бойынша электрмен жарығының өшулері орын алған, нәтижесінде 50 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары авариялық-қалпына келтіру бригадаларының күшімен жүргізілді. (41 бригада (150-ден астам қызметкер) және 35 бірлік техника жұмылдырылды).
Анықтама: Талас ауданы (17 елді мекен - 2993 абонент), Тараз қ. (13950 абонент), Жуалы ауданы (9 елді мекен - 4862 абонент), Жамбыл ауданы (17 елді мекен - 6700 абонент), Меркі ауданы (2 елді мекен-174 абонент), Т.Рысқұлов ауданы (1 елді мекен-20 абонент), Шу ауданы (2 елді мекен-8025 абонент), Байзақ ауданы (38 елді мекен-13951 абонент), Сарысу ауданы (6 елді мекен-13951 абонент), - 2131 абонент), Мойынқұм ауданы (10 елді мекен-4046 абонент).
Облыс аумағындағы шатырлардың бұзылуы
Қатты желдің салдарынан облыс бойынша жеке тұрғын және көп пәтерлі үйлердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілері мен әкімшілік ғимараттардың шатырларының бұзылуы орын алды. Бүлінген ғимараттардың жалпы саны 550-ден асады. Материалдық шығын мен бүлінген объектілердің нақты санын арнайы комиссия белгілейді.
Анықтама: 20 көп қабатты үйлер, 459 жеке тұрғын үйлер (Тараз қаласы бойынша анықталуда), 71 білім беру нысандары (53 мектеп, 16 балабақша, 1 колледж, 1 мүгедектерге арналған мектепке дейінгі мекеме), 9 денсаулық сақтау нысандары, 13 әлеуметтік нысандары және 6 шаруа қожалықтары.
Автомобиль жолдары бойынша
Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көрінуді шектеу) «Алматы-Термез-Ташкент» Республикалық маңызы бар автожолының 2 учаскесінде, атап айтқанда Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін 534-596 км, Қордай жаңа асуы 160-238 км және облыстық маңызы бар «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» (66-140 км, Қаратау-Жаңатас аралығы), «Жаңатас - Саудакент-Түркістан» облысының шекарасына дейін автокөліктердің барлық түрлеріне жабу немесе уақытша шектеу жүргізілді.
Апат аудандарынан ТЖД күшімен 110 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланып, жылыту пункттеріне жеткізілді.
Облыстық Полиция департаментімен патрульдеу ұйымдастырылып, қауіпсіздік қамтамасыз етілді.
Жолдарды тазарту үшін "ҚазАвтоДор" ЖШС және мердігерлік ұйымдармен 55 адам 18 бірлік техника жұмылдырылды.
ТЖ департаментінен 28 адам 13 техника жұмылдырылды.
Зардаптарды жою үшін 4 мыңнан астам адам, 100 авариялық бригада және 165 бірлік техника жұмылдырылды.
Тараз қаласы:
19 көп қабатты тұрғын үй;
24 білім беру нысаны (16 мектеп, 8 балабақша);
3 денсаулық сақтау нысаны;
Тұрғын үйлердің саны анықталуда.
Мойынқұм ауданы:
6 тұрғын үй;
8 білім беру нысаны (оның ішінде 7 мектеп, 1 колледж);
1 денсаулық сақтау объектісі (аудандық аурухана);
1 сумен жабдықтау объектісі (Мөлдір Су);
1 мәдениет объектісі (Мәдениет үйі).
Жамбыл ауданы:
38 тұрғын үй;
1 көп қабатты тұрғын үй;
3 денсаулық сақтау объектісі (аудандық аурухана, 2 медициналық пункт);
7 Білім беру нысаны (5 мектеп, 1 балабақша, 1 мүгедектерге арналған мектепке дейінгі мекеме);
3 әлеуметтік нысан ("Талас-Аса", Аса станциясы,"Аса-Агро")
Байзақ ауданы:
385 тұрғын үй;
26 білім беру нысаны (19 мектеп, 7 балабақша);
2 денсаулық сақтау нысаны;
3 әлеуметтік нысан (2 мәдениет үйі, ауылдық клуб)
Талас ауданы:
28 тұрғын үй;
3 білім беру нысаны (мектептер);
5 әлеуметтік нысан (2 мәдениет үйі, ауылдық округ әкімдігі, 1 шаштараз, 1 дүкен);
6 шаруа қожалығының нысандары
Шу ауданы:
2 тұрғын үй.
Т. Рысқұлов ауданы:
3 білім беру нысаны (мектеп).