2021 жылғы тамыз айындағы
Жамбыл облысының аумағында орын алған
төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау
(өсу ретімен)
Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың тамыз айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 425 (2020ж – 428) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 0,7% төмен). 425 ТЖ мен оқиғалардың 425-і ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 13072 (2020ж –3595) адам зардап шекті (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 263,6% көбейді), оның ішінде 37 (2020ж- 4) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 825,0%көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 19,42 (2020ж – 41,89)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 53,6% азайды.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 384(20ж – 381) оқиғаны құрады, оның ішінде 99,2% ( 381) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 3 оқиғаға немесе 0,7% азайды. Зардап шеккендердің саны 19 (2020ж – 9) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,1 есеге көбейді), оның ішінде 14(2020ж – 4) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 18 (2020ж – 30) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 427% құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 40% азайды. Табиғи ТЖ салдарынан 12947 (2020ж-3586) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 261,0% көбейді), оның ішінде 8 (2020ж-0) адам қаза болды (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 8 есеге көбейді).
.Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде.
ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
(көлік апаттары мен жол-көлік оқиғалары;
өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;
өндірістік апаттар және қауіпсіздік ережелерін бұзу;
тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар)
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 384(20ж – 381) оқиғаны құрады, оның ішінде 99,2% ( 381) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 3 оқиғаға немесе 0,7% азайды. Зардап шеккендердің саны 19 (2020ж – 9) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,1 есеге көбейді), оның ішінде 14(2020ж – 4) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейді).
Тұрмыстық және өндірістік өрттер
Жедел мәліметтер бойынша жыл басынан 384 (2020ж – 381) өндірістік және тұрмыстық өрт орын алды. Салдарынан 19 (2020ж – 9) адам зардап шегіп, оның ішінде 14 (2020ж – 4) адам қаза болды, оның 5 (2019ж – 1) бала. Материалдық шығын 19,21 (2020ж - 26,05)млн. теңгені құрады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт саны 0,7% көбейді, зардап шеккендердің саны 2,1 есеге көбейді, қаза болғандар саны 3,5 есеге көбейді, ал материалдық шығын 26,2% азайды.
Есепті кезеңде өрт санының төмендеуі Талас, Байзақ, Қордай Т. Рысқұлов, Меркі және Мойынқұм аудандарында байқалады.
Тараз қаласында, Сарысу, Жамбыл, және Шу аудандарында өрт санының көбейгені анықталды, атап айтқанда:– Тараз қаласында 1,1 есеге, Сарысу ауданыңда – 1,1 есеге, Жамбыл ауданыңда – 1,09 есесге және Шу ауданыңда - 1,26 есеге.
Жуалы ауданында өрт саны өткен жылдың ұқсас ерзімімен салыстырғанда бір деңгейде.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрттердің орын алуының негізгі себептері: 39% жуық отпен абайсыз болу, 43% электр құрылғыларын жөндеу мен қолдану ережелерін бұзу, 24% қасақана от қою, 11% жуық пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және 6% жуық баланың отпен ойыны болып табылады.