Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, индексі 080009, Тараз қаласы, Қаратау м/а №42 үй, электрондық мекен жайы: [email protected]; анықтама үшін телефондар: (87262)-34-75-08; (87262)-999-091, факс: (87262)-34-75-08 азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу үшін бос лауазымдарға құжаттарды жинақтауды жариялайды:
- Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері:Меркіауданы Меркі ауылы № 9 өрт сөндіру бөліміне – 1 бірлік, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы №18 өрт сөндіру бөліміне – 1 бірлік (категория C-SV-13).
Функционалдық міндеттері:
оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі; жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындайды және бөлімнің жарақтануында бар барлық типті өрт сөндіру автомобильдерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара алады;барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ арнайы автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей біледі, өрттерде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-қимыл жүргізу жағдайларында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана біледі; қызмет өткеру, өрт сөндіру автомобильтерін пайдалану, оларды жөндеу және ТҚ барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын орындайды; жауынгерлік кезекшілік кезінде еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша Ережелер талаптарын сақтау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Білімі орта, жасы 18-ге толған және 35 жастан аспаған болуы қажет, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес оңды себеппен мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83220 теңгеден 112420 теңгеге дейін.
Құжаттарды қабылдау хабарлама жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар пакетін толық емес көлемде ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үміткерлердің құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы және полиграфологиялық зерттеудің нәтижесін қосады.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» (Тараз қаласы) мемлекеттік мекемесінде, Тараз қаласы, Қаратау м/а №42 үй, индексі 080009 мекен жайы бойынша жүргізіледі.