Бос лауазымдарға орналасуға құжаттарды қабылдау туралы

    ·

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, индексі 080009, Тараз қаласы, Қаратау м/а №42 үй, электрондық мекен жайы: [email protected];[email protected]; анықтама үшін телефондар: (87262)-34-75-08; (87262)-999-091, факс: (87262)-34-75-08 азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу үшін бос лауазымдарға құжаттарды жинақтауды жариялайды.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 15-28 ақпан күндері.

    Лауазым: Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері (санаты C- SV-13) -Шу ауданының Төле би ауылы №13 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылы №18 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Қордай ауданы Отар ауылы №17 өрт сөндіру бекетіне -1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Жүргізуші – арнайы дайындығы және өрт сөндіру автокөлігінің агрегатында жұмыс істеуге және басқаруға тиісті рұқсаты бар қарауылдың лауазымды тұлғасы. Өзіне бекітілген техниканың, сондай-ақ, онда орнатылған механизмдердің жауынгерлік даярлығына және мүлтіксіз жұмыс істеуіне жауапты.

    Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94 316 теңгеден 127 407 теңгеге дейін.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі орта (одан кем емес), жасы 18-ге толған және 35 жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес оңды себеппен мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Жүргізуші лауазымына « В,С» категориясы бойынша жүргізуші кәуілігі болуы міндетті.

    Үміткерлердің құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы және полиграфологиялық зерттеудің нәтижесін қосады.

    Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2 тармағына сәйкес шектеулері бар тұлғалар, сонымен қатар, қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер (17-бап) мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенсыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді (12-бап) қабылдаудан бас тартқан тұлғаларқұқық қорғау қызметіне қабылданбайды.

    Үміткерлерден құжаттарды қабылдау орны: Тараз қаласы, Қаратау м/а №42, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Кадр саясаты бөлімі, №21 кабинет, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    1) нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш (кадр бөлімінде толтырылады);

    2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

    4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян (кадр бөлімінде толтырылады);

    5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

    6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

    7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

    8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

    9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы (кадр бөлімінде толтырылады);

    10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (кадр бөлімінде толтырылады).

    Құжаттар пакетін толық емес көлемде ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

    Жүктеу
    О приеме документов на занятие вакантных должностей
    О приеме документов на занятие вакантных должностей
    DOC · 54 КБ
    Жүктеу
    22a652a9ae050711223a7cc3ece7d203_original.54272.doc
    DOC · 53 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды: