2022 жылғы өрт қауіпсіздігі саласында жұмыс нәтижесі туралы

    ·

    2022 жылы облыс аумағында 753 өрт тіркелді (2021 ж.-667), оның салдарынан 8 адам қаза тапты (2021 ж. -37), 10 адам жарақат алды (2020 ж. -109). Материалдық шығын 132 млн.407 мың теңгені құрады (2021 ж. - 57 млн. 492 мың теңге). 2021 жылмен салыстырғанда өрттердің саны 13% - ға, материалдық шығын сомасы 2,3 есеге өсті. Бұл ретте, өрттен қаза болғандар саны 4,6 есеге, ал жарақат алғандар саны 10 есеге азайды.

    Айта кету керек, ағымдағы жылы қоғамдық резонанс тудырған ірі өрттер тіркелген жоқ. Тәуекел дәрежесі жоғары бақылаудағы объектілердегі өрттер саны 2 есеге азайды (2022 жылы -6, 2021 ж-12).

    Анықтама.

    - 520 өрт немесе 69% - тұрғын үй секторында (2021 ж. -420 немесе 62% )

    - 166 өрт немесе 22% - автокөлікте (2021 ж. -134 немесе 20 %)

    - 40 өрт немесе бақылаудағы объектілерде 5% (2021 ж.-54 немесе 8 %) (оның ішінде жоғары тәуекел дәрежелі объектілерде – 6 (2021 ж. -12), болмашы дәрежелі объектілерде -34 (2021 ж. -42). Материалдық шығын 17 млн.400 мың теңгені құрады (2021 ж. – 11 млн. 130 мың).

    - 23 өрт немесе 3% - ашық аумақтарда (ағаштардың, ЭБЖ ағаш бағаналарының, құбырлардың қаптамаларының және т.б. өрттері). (2021 ж. -55 немесе 8 %)

    - 2 орман өрті немесе 0,2% (2021 ж. -2 немесе 0,2%)

    - 2 дала өрті немесе 0,2% (2021 ж. -2 немесе 0,2 %)

    Өрттің негізгі себебі- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу(447 өрт немесе 59%), тұрғындарды отты пайдаланудағы абайсыздығы( 147 немесе 19 %),пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу(65 өрт немесе 8%), балалардың отпен ойнауы(39 өрт немесе 5%) және қасақана өртеу(50 өрт немесе 7%),басқа да себептер (5 немесе 1% ).

    Өрттерге жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты 760 әкімшілік жаза қолданылды (2021 ж.-489 н/е +55%), оның ішінде 161 тұлғаға (2021 ж. – 47, + 3,4 есе) жалпы сомасы 4 млн. 249 мың 912 теңге (2021 ж. – 1 млн. 248 мың 476 теңге) салынды және 599 тұлғаға (2021 ж. – 442 +3,4 есе ) ескерту берілді.

    Бұдан басқа, облыс аумағында улы газбен уланудың 14 оқиғасы орын алды (2021 жылы - 7 оқиға), оның салдарынан 18 адам зардап шекті (2021 жылы – 8, +2,2 есе) және 4 адам қаза тапты (2021 жылы-2, + 2 есе).

    Анықтама:Улы газбен уланудың енегізі себептері:

    - мұржаның тартпауы – 5 жағдай (2021 ж.-3);

    - жылыту пешінің ақауы – 2 жағдай (2021 ж. - 2);

    -жылыту пештегі жарықтар -2 жағдай (2021 ж. -1);

    - басқа да себептер (газ колонканың мұржасының сыртқа шығарылмауы, мұржа гофраның жыртылуы немесе дұрыс жалғанбауы, мұржаның дұрыс жалғанбауы) – 5 жағдай (2021 ж. -1)

    Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері шаруашылық жүргізуші субъектілерге 2090 өрт-техникалық тексеру жүргізді (2021 жылы -2023, немесе 3% - ға өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша -1174, бұрын берілген ұйғарымдаманың орындалуын бақылау -916), олардың барысында 11419 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталды (2021 жылы -11798, 3% - ға кемілді).

    2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында тексеру кестесінің орындалуы 99% құрады (жоспарланған 602 нысанның 596 - ы ерекше тәртіппен тексерілді, шынайы себептер бойынша 6 нысан бақылаудан алынды, оның ішінде 3 нысан кәсіпкерлік санатын шағын санатқа ауыстырды, 1 – күрделі жөндеу, 2-орналасу орнын ауыстыру), 2-ші жартыжылдықтағы тексеру графигінің орындалуы 95% құрады(жоспарланған 607 нысанның 578 - ы ерекше тәртіппен тексерілді, шынайы себептер бойынша 29 нысан бақылаудан алынды, оның ішінде 3 нысан кәсіпкерлік санатын шағын санатқа ауыстырды, 10- аудиттің оң қорытындысын алды, 3 – күрделі жөндеу, 7-нысын қайта құрылды, 6- нысынынң жұмысы тоқтаған).

    Тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1662 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021 жылы – 1353 немесе +22%). Оның ішінде 505 (2021 жылы – 296 немесе +70%). тұлғаға 20 млн.414 мың 895 теңге (2021 жылы-11 млн. 842 мың 948 теңге) көлемінде айыппұл салынды, 1147 тұлға ескерту берілді (2021 ж. – 1057 н/е +9%). Айыппұлды өндіру 99% - ды құрады (20 млн.261 мың 745 теңге сомасына 502 айыппұл өндіріп алынды, 122520 сомасына 2 айыппұл сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау үшін жіберілді, 30630 сомасына 1 айыппұл ерікті түрде төлеу мерзімі аяқталған жоқ).

    Бұрын анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдаманы орындамау бойынша (ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі негізінде) әкімшілік сотқа 148 әкімшілік материал (2021 ж. -121) жолданды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға өскен.

    Нәтижесінде бүгінгі күні 131 әкімшілік материал бойынша сот жалпы сомасы 34 млн.293 мың 961 теңгеге айыппұл салды. Сонымен қатар, айыппұлдармен қатар, 28 объектіні 30 тәулікке пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім шығарылды және 17 әкімшілік материал соттың қарауында.

    Бұдан басқа, 5 білім беру объектісіне қатысты ЖСҚ-сыз қайта жаңартуды жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 314-бабының 1-бөлігі (белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және реконструкциялау кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу) бойынша әкімшілік материалдар қозғалып, сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот шешімімен 4 лауазымды тұлғаға және 1 заңды тұлғаға жалпы сомасы 1 млн. 200 мың 696 теңге айыппұл салынып, жүргізілген жұмыстар 30 тәулікке тоқтатылды.

    Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен және волонтерлермен бірлесіп 437 мыңнан астам аулаларды аралап (2021 ж. -318 мың н/е +37%), 4248 жиын өткізді (2021 ж. -1985 н/е +2 есе),, оның барысында 847 мыңға жуық адамға нұсқау берілді (2021 ж. -647 мың н/е +31%),. 600 мыңнан астам жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылды.

    Оқушыларға практикалық дағдыларды үйрету мақсатында білім беру объектілерінде өрт туындаған жағдайда ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау бойынша 25613 оқушыны қамти отырып 277 жаттығу (2021 ж. -200 н/е +38%),өткізілді, сондай-ақ 61699 оқушыны қамти отырып, 970 интерактивті сабақ өткізілді (2021 ж. -285 н/е +3 есе), 27279 оқушыны қамти отырып, 772 ашық сабақ (2021 ж. -595 н/е +29%),ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі мекемелерде өртке қарсы тақырыпта 7789 баланы қамти отырып, 313 конкурс пен викторина өткізілді (2021 ж. -60 н/е +5 есе), 1996 оқушыны қамти отырып, өрт сөндіру бөлімдеріне 60 экскурсия ұйымдастырылды (2021 ж. -49 н/е +22%),. Өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күні» тақырыбында 190 іс-шара ұйымдастырылып (2021 ж. -18 н/е +10 есе), оған 3621 бала қатысты.

    Жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында ақпарат агенттіктерінің, облыстық телеарналардың қатысуымен 33 брифинг өткізілді (2021 ж. -24 н/е +37%). «Жамбыл» және «77 ТВ» телеарналарында күн сайын тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1359 сөз сөйлеу (2021 ж. -1200 мың н/е +13%),өткізілді (теледидар арналарында - 261, баспа басылымдарында - 893, радиода – 205). Интернет ресурстарда 561 -ден астам материал, әлеуметтік желілерде 934 материал жарияланды. Адамдар көп жиналатын объектілерде дауыс зорайтқыш байланыс құралдары арқылы 17893 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

    Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі тақырыбына 36 билборд және 14 баннер орнатылды. Сауда орталықтарында, ХҚКО-ларда жарықдиодты жарнамалық таблоларда және телевизиялық экрандарда, сондай-ақ «Авторадио FM» - де өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескерту ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың қаңтар - ақпан айларында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ бастамасымен тұтынылған газ үшін төлем түбіртектерінің артқы жағында газ тұтынушыларға орналастырылған «газ жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы» хабарламалардың 200 мыңнан астам данасы таратылды.

    «Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселе ағымдағы жылдың 25 сәуірінде ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысында қаралды. Облыс әкімдігі Облыстың мемлекеттік қоры мен дала алқаптарының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен профилактикалық және алдын алу іс-шараларының жоспарын бекітті.

    Облыс әкімінің «Облыс аумағында табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 05.04.2022 жылғы №71 қаулысы қабылданды.

    Облыс аумақғында ғарыштық мониторингін жүргізуге 2022 жылы облыс бюджетінен 5 млн.830 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері күніне 3 рет «Қазавиаорманқорғау» РМҚК авиатехникасымен жалпы алаңы 3,048 млн.гектар облыс мемлекеттік қорының аумағын аралауда

    Облыс аумағындағы өрт қауіпті учаскелерді «Қазавиақұтқару» АҚ авиатехникасымен ұшуды жүргізу және олардың өртке қарсы жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін облыс бюджетінен 49 млн 478 мың теңге (48 ұшу сағаты), ал мемлекеттік орман қоры аумағын өрттен қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 2022 жылға 86 млн теңге бөлінді.

    «Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» барлық мекемелерде штаттық саны 135 адам, 18-өрт сөндіру автомобильдерімен, 36 - тракторлармен, 174 аспалы өрт сөндіргіштермен, 24-мотопомпалармен және 246 - радиостанциялармен жасақталған 15 орман өрт сөндіру станциясы құрылды.

    Өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңмен құру жоспарына сәйкес 2021 жылы 4 шалғай елді мекенде өрт сөндіру бекеттері құрылды, ағымдағы жылы 3 өрт сөндіру бекеті құрылды (Ақтөбе ауылы, Жуалы ауданы, Мойынқұм ауылы, Шу ауданы, Талас ауданы Ойық ауылы), 2023 жылы тағы да 3 өрт бектеін құру жоспарланды (Орнек ауылы Жамбыл ауданы, Майтөбе ауылы Талас ауданы, Сарыбұлақ ауылы Қордай ауданы).

    Облыстың ауылдық округтерінде жеке құрамы 2128 адамнан тұратын 165 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, олардың жарақтарында 49 су тасығыш, 508 бірлік табиғи өрттерді сөндіруге бейімделген техника, 88 өрт мотопомпасы және 175 аспалы өрт сөндіргіш бар. Облыстың 9 ауданында ерікті өртке қарсы құралымдар қоғамдық бірлестіктер нысанында құрылды.

    Облыстық ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамды жету қиын таулы жерлерге жеткізу үшін 10 бірлік жоғары өтімді техника(Урал - Вахтовка -1 бірлік, Камаз - Вахтовка - 1 бірлік Газель -1 бірлік, КУНГ – 1 бірлік, УАЗ -6 бірлік),табиғи өрттерді сөндіру үшін - 68 бірлік жоғары өтімді автоцистерна дайындыққа келтірілді, 139 бірлік ранцты өрт сөндіргіштер, 1000 бірлік хлопушкалар, сондай-ақ 7 бірлік көлемінде «Турая», «Иридиум» спутниктік терминалдары дайындалды.

    Ағымдағы жылдың сәуір айында барлық 15 орман шаруашылығын қамтумен шартты табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен трансшекаралық табиғи өрттерді жою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.

    Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 1237 км автожолдың 1074 км бойы орман екпе ағаштарын, 1943 км бойы облыстық маңызы бар автожолдардың 712 км бойы, ал 840 км бойы 104 км бойы темір жолдарды жырту бойынша жұмыстары жүргізілді.

    «Автокөлік жолдарды ұстау, ағымды және күнделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстар түрлерінің классификациясын бекіту туралы» ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №532 бұйрығына сәйкес автокөлік жолдарда өртке қарсы жарту тек қана екпе ағаштары бойында жүргізіледі.

    Өртке қауіпті кезеңда орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша әлеуметтік желілерде белсенді профилактикалық жұмыстар, сондай-ақ орман-дала алқаптарында бақыланбайтын ауыл шаруашылығы жануларының, тұрмыстық қалдықтарды жағудың алдын алу бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

    Анықтама:«Жамбыл» облыстық телеарнасы мен «77 ТВ» коммерциялық телеарнасы арқылы тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде, мемлекеттік орман қоры аумағына кіреберістерде және автомобиль жолдары бойында 60 аншлаг, 40 панно және 16 билборд орнатылып, жаңартылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында өртке қарсы тақырыпта 101 сөз сөйлеу өткізілді, оның ішінде теледидар бойынша 12 сөз сөйлеу, радио және дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы – 54 сөз сөйлеу, аудандық және облыстық газеттердің беттерінде 35 мақала жарияланды. Республикалық(«Nur.kz», «kazinform»)және облыстық(«Ec-sport.kz», «Zhambyl.news»"," «AQ JOL AQPARAT»)өрттің алдын алу жөніндегі ақпараттық агенттікте 30 материал жарияланды және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 12 дөңгелек үстел отырысы, 13 жиын, 820 адамды қамтыған 45 нұсқама өткізілді.

    Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында ТЖ бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметінің және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамының күштерімен жалпы саны 82 адамнан тұратын 16 бірлескен мобильді топ құрылды, олар өрт қауіпті кезең басынан бастап бақыланбайтын жануларды алдын алу бойынша 1365 (2021 ж.-1018 н/е +34%) рейдтік іс-шаралар жүзеге асырды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге жол бергені үшін 475 жеке тұлға (2021 ж.-121 +3 есе), әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 232 -ы ескерту берілді (2021 ж.-117, +2 есе) және 243 тұлғаға (2021 ж.-4, +60 есе) жалпы сомасы 2 млн.948 мың 138 теңгеге айыппұл салынды (2021 ж.-116 мың 680 тг, +25 есе). Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабына сәйкес ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін орман шаруашылығының 9 басшысына (2021 ж.-7,+28%) жалпы соммасы 413 мың 505 теңге көлемінде (2021 ж.-204 190, +2 раза) айыппұл салынды.

    Облыс аумағында 407 га жерде 48(2021 ж. - 52)жану(2021 ж. – 598 га)және 162 га жерде 2 - орман өрті(2021 ж. – 2 орман өрті -255 га)орын алды, шығын 652 мың теңгені құрады(2021 ж. – 119 мың теңге),сондай - ақ 15,3 га жерде 2-дала өрті(2021 ж. – 2 дала өрті 1050 га),шығын 2 млн. теңгені(2021 ж. - 0)құрады.

    Жалпы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынды.

    Жүктеу
    Анализ
    Об оперативно –служебной деятельности в области пожарной безопасности за 2022 год
    DOCX · 36 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959қоңырау өңделді. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды: