2021 жылғы 21 наурызда өтетін баспасөз конференцияға
Өнеркәсіптік Комитетінің
Жамбыл облысы бойынша Департаментінің
қазанддық, газ шаруашылығы, көтергіш құрылыстар объектілерін
мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы
Д.М. Тұрғынбаевтың баяндамасы
Газ баллондарды және табиғи газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Тұрмыстағы газдар жарылысының негізгі себептері тұрмыстық газ баллондары мен құрылғыларын пайдалану талаптарының бұзылуы, газ жабдығының жалғағыш құбырларының жай-күйі, тұрмыстық баллондардың жай-күйі және ақаулы газ жабдығын пайдалану болып табылады.
Аталған бұзушылықтардың алғышарттары тауарлық газды газ тарату жүйесі бойынша тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың жосықсыз жұмысынан туындайды.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 19-бабында «Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі міндеттері» қарастырылған:
Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін білікті персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз жұмысына жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған мамандандырылған ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ жүйесі ұйымымен немесе газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Заңының 28-бабына сәйкес:
Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді:
1) газ желісі ұйымдары;
2) газ толтыру пункттерінің иелері;
3) автогаз құю станцияларының иелері;
4) сұйытылған мұнай газы өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізілген жағдайда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асырады. Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесіне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық схемасын өзгертуді осындай тұлғалардың есебінен газ желісі ұйымы жүзеге асырады.
Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
Бұл ретте тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын құюға газ толтыру пункттерінде және газ толтыру станцияларында жол беріледі.
Газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері:
1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеруге;
3) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға;
4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;
5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Мыналарға:
1) қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға;
2) сол бір ғана газ толтыру стансаларын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына;
3) сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына тыйым салынады.
Сұйытылған мұнай газын тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған үй ішіндегі газ жабдығын пайдаланатын газ желісі ұйымы оның сақталуын және жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті. Осы тармақтың ережесі тұрғын жай ішіндегі газ жабдығына қолданылмайды.
Заңның 30-бабында «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бойынша келесі талаптар қарастырылған:
Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Газ тасымалдау, газ тарату және газ желісі ұйымдары өзінің құрамында, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызмет ұстауға міндетті.
Газ тасымалдау, газ тарату және газ желісі ұйымдары шарт негізінде авариялық жағдайларды жою үшін өзге де ұйымдардың авариялық-диспетчерлік қызметін тартуға құқылы.
Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері болып табылады. Энергиямен жабдықтау ұйымдарына газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланатын ұйымдармен келіспей, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінде энергия тұтынудың белгіленген лимиттерін шектеу жөніндегі режимдік іс-шараларды жүргізуге тыйым салынады.
Бірыңғай техникалық дәлізді екі және одан да көп ұйымдардың пайдалануына тыйым салынады
ТЖМ
Өнеркәсіптік Комитетінің
Жамбыл облысы бойынша Департаментінің
қазанддық, газ шаруашылығы, көтергіш құрылыстар объектілерін
мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы
Тұрғынбаев Дүйсеналы Мұратұлы