Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтық қорғаныс жөніндегі талаптар мен іс-шараларды орындауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізеді. Алдын ала: азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру және дамыту және оларды пайдалануға әзірлікте ұстап тұру, азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстап тұру, азаматтық қорғаудың басқару органдарын даярлау және халықты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану жағдайларында қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарына оқыту, Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорын салу және жинақтау, оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау, азаматтық қорғаныс мүлкін құру, жинақтау және уақытылы жаңарту, эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына сәйкес Азаматтық қорғаныс басқармасы алдын алу - профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау жүргізеді. Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ұсынылады. Бұл кәсіпкерлер үшін Кодекстің оңтайлы тұсы. Берілген нұсқамаларға сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою үшін уақыт беріледі.
Өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша 28 объектіде азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзудың 278 жағдайы анықталды. Бақылаудағы ұйымдардың көптеген басшылары анықталған бұзушылықтарды жойып, мерзімінде барлық растайтын құжаттарды ұсынды. Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес Заң баптарының талаптарын үнемі елемейтін бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 3 500 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы шығарылды.
Бүгінгі күні жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен санатталған ұйымдар азаматтық қорғаныс мүлкін жаңартуға ақшалай қаражат бөлуде. Мысалы: соңғы жылдары жергілікті бюджеттен 84 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді. Түрлі деңгейдегі басқару пункттерін жаңғырту және әзірлікке келтіру бойынша облыс бойынша 102 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, сондай-ақ құлақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен жаңғырту жүргізілуде, бұл бағытта 150 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Орын алған проблемалық мәселелерді талқылау, азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын және азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен, облыстық прокуратура қызметкерлерімен және облыстың Кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен бірлесіп азаматтық қорғаныс саласында бақылаудағы объектілердің өкілдерімен дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Азаматтық қорғаныс бойынша Мемлекеттің дайындығы алдын ала жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамау немесе толық орындамау азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің әлсіреуіне әкеледі.
Жамбыл облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс
басқармасының аға офицері
подполковник
Жомарт Сәдірмеков