Жүргізілетін эвакуациялау жөнінде халықты құлақтандыру «Баршаның назарына» дабылы берілгеннен кейін теледидар көмегімен ақпараттандыру, радио және дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы жүзеге асырылады.
Эвакуацияланатын халық өзімен бірге құжаттарын, ақша, дәрі қобдишасын ( жеке қажеттілігі есебімен), жеке заттарын және екі-үш тәулікке бұзылмайтын азық-түлік қорын, тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын ( мақта дәке таңғышы, матадан жасалған) алуы керек.
Ғимараттан шығар алдында электр жүйесін өшіру, газды, суды және терезені жабу қажет.
Көлікпен эвакуацияланғанда ( тарату) - өзімен алып шығатын 50 кг аспауы тиіс. Жаяу эвакуацияланғанда әрбір адам өзімен бірге көтеріп жүре алатын азық –түлік пен заттарын алып шығуына болады.
Жамбыл облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
Азаматтық қорғаныс басқармасы