2022
Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың сәуір айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 176 (2021ж – 197) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген ( 2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10,7% төмен).176 ТЖ өқиғалардың 176 -і (2021 - 197) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 10467 (2021ж – 16318) адам зардап шекті (2021ж - ұқсас мерзімімен салыстырғанда 35,9% төмен), оның ішінде 4 (2021ж – 11, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 63,6% төмендіген) адам қаза болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 15,49 (2021ж – 12,37)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 25,2% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 168(2021ж – 192) оқиғаны құрады (2021 ж. – 12,5% төмен), оның ішінде 157(2021 ж. -174) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 24 оқиғаға немесе 12,6% азайды. Зардап шеккендердің саны 7 адамды құрады (2021 ж. - 13 адам, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 46,1% азайды), оның ішінде 2 адам қаза болды (2021ж. – 9, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 77,7% төмен).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 8(2021ж.- 5) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 4,54% құрады. Бұл 2021 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 60% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 10460 (2021ж.- 16305) адам зардап шекті (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,8% көбейді), оның ішінде 2 (2021ж – 2) адам қаза болды.
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен саластырғанда ТЖ саны Тараз қаласы, Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Шу аудандарында ТЖ саны төмендегені байқалады.
Сарысу, Талас, Байзақ және Т. Рысқұлов аудандарында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Сарысу ауданында 1,5 есеге, Талас ауданында 1,5 есеге, Байзақ ауданында 1,1 есеге және Т. Рысқұлов ауданында 1,5 есеге.
Жуалы ауданында ТЖ саны өткен жылдың ұқсас мерзімімен бір деңгейде.
ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
(көлік апаттары мен жол-көлік оқиғалары;
өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;
өндірістік апаттар және қауіпсіздік
ережелерін бұзу; тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар)
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 168(2021ж – 192) оқиғаны құрады (2021 ж. – 12,5% төмен), оның ішінде 157(2021 ж. -174) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 24 оқиғаға немесе 12,6% азайды. Зардап шеккендердің саны 7 адамды құрады (2021 ж. - 13 адам, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 46,1% азайды), оның ішінде 2 адам қаза болды (2021ж. – 9, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 77,7% төмен).
Тұрмыстық және өндірістік өрттер
Жедел мәліметтер бойынша жыл басынан 157(2021ж – 174) өндірістік және тұрмыстық өрт орын алды. Салдарынан 6 (2021ж – 12) адам зардап шегіп, оның ішінде 2(2021ж – 8) адам қаза болды. Материалдық шығын 15,49 (2021ж - 12,37)млн. теңгені құрады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт саны 9,7% төмендіген, зардап шеккендердің саны 50% азайды, қаза болғандар саны 75% азайды, ал материалдық шығын 25,2% көбейді.
Есепті кезеңде өрт санының төмендеуі Тараз қаласында, Қордай, Меркі мен Шу аудандарында байқалады.
Талас, Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Байзақ мен Т. Рысқұлов аудандарында өрт санының көбейгені анықталды, атап айтқанда: Талас ауданында 1,3 есеге, Сарысу ауданында 2,1 есеге, Жамбыл ауданында 1,7 есеге, Жуалы ауданында 1,3 есеге. Байзақ ауданында 1,25 есеге мен Т. Рысқұлов ауданында 2 есеге.
Мойынқұм ауданында өрт саны өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда бір деңгейде.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрттердің орын алуының негізгі себептері: 31% жуық отпен абайсыз болу, 12% жуық пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, 46% электр жабдай пайдалану кезінде ӨҚЕБ, 6% қасақана өрт қою және 7% жуық баланың отпен ойыны болып табылады.
Өрттердің орын алатын негізгі объектілері әдеттегідей тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 66% құрайды, 28,3% автокөлік құралдары құрайды.
Улы газбен улану жағдайлары (Төтенше жағдайлар критерийлеріне жатпайды)
2022 жылы 4 ай ішінде улы және табиғи газбен уланудың 5 (2021ж – 4) жағдайы тіркелді. Қаза болғандар 1 адам (2021 жылы 1 адам), зардап шеккендер – 5 адам, оның ішінде жасөспірім жасындағы 1 адам (2021 жылы 7 адам, оның ішінде 4 бала):
Көлік апаттары мен оқиғалары
Ағымдағы жылдың 4 айында жедел мәліметтер тіркелген жоқ(2021ж – 1).
Әуе көлігіндегі апаттар
Ағымдағы жылғы 4 айда әуе көліктерінде авариялар болған жоқ. ( 2021 ж. - 0).
ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
(гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар; табиғи өрттер; адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары және улануы; жануарлардың жаппай қауіпті аурулары; өсімдік кеміргіштерінің жаппай таралуы; судағы оқиғалар, 2 баллдан жоғары жер сілкіністері)
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 8(2021ж.- 5) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 4,54% құрады. Бұл 2021 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 60% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 10460 (2021ж.- 16305) адам зардап шекті (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,8% көбейді), оның ішінде 2 (2021ж – 2) адам қаза болды.
Геофизикалық қауіпті құбылыстар
Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде табиғи сипаттағы оқиға тіркелді жоқ (2021г – 0).
Метеорологиялық қауіпті құбылыс
Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде сипаттағы 3(2021ж - 5) оқиға тіркелді.
1)29.03.2022 ж. сағат 12:00-де Тараз қаласында қатты желдің салдарынан (екпіні 28 м/с) электр желілерінде апаттық үзілістер орын алды. Соның салдарынан Тараздық 2150 абонент электр қуатынсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «ЖЭЖ» ЖШС (40 адам, 10 техника) жүргізуде. 30.03.2022 ж. жағдай бойынша сағат 05:00-де электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.
2) 07.04.2022 ж. сағат 14:52-де Тараз қаласында қатты желдің салдарынан (екпіні 28 м/с) электр желілерінде апаттық үзілістер орын алды. Соның салдарынан Тараз қаласында 2150 абонент электр қуатынсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «ЖЭЖ» ЖШС (12 адам, 4 техника) жүргізуде. Жағдай бойынша сағат 23:50-де электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.
3)12.04.2022 ж. сағат 18:00-де Меркі ауданы, Т. Рысқұлов ауданы, Ш. Уалиханов көшесі №39, желдің екпіні ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша 22 м/с дейін) № 28 жалпы білім беру мектебінің шатырының ұшуы болды, көлемі 850 ш.м. (ағаш торламасымен металл плиткасы - екі жабынды, ғимараттың жалпы ауданы 2348 ш.м., 2015 жылы салынған). Жарақат алғандармен қаза болғандар жоқ.
Гидрологиялыққауіпті құбылыстар
Есепті кезеңде қауіпті құбылыстар тіркелген жоқ. (2021г – 0).
Суға батып кеткендер
Үстіміздегі жылдың 4 айында сипаттағы 1 оқиға тіркелді (2021ж - 0):
Құтқару операцияларын жүргізу
ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 815(2021ж – 1008) шығулар жүргізді, 266 (2021ж – 433) адам құтқарды, ТЖ аумағынан 470 (2021ж – 686) адам эвакуацияланғанды.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі дабыл бойынша 483 (2021ж – 633) шығу жасады, оның ішінде: өрттерге – 159 (2021ж – 181), авариялық-құтқару жұмыстарына – 104 (2021ж – 151), өрт ретінде есепке алынбайтын жану оқиғаларына – 203 (2021ж – 284), дәлелденбеген жану оқиғалар – 17 (2021ж - 10). Құтқарылған адамдар саны – 182(2021ж – 326), эвакуацияланғандар 470(2021ж – 535).
Жедел құтқару жасағы 332 (2021ж – 375) шығу жасады, 84 (2021ж – 107) адам құтқарды, эвакуацияланғандар– 0 (2021ж – 151),24 (2021ж – 19) қаза болғандардың мәйіті шығарылды, онын ішіндегі судан - 2(2021ж-1).
Талдауды ақпараттық-аналитикалық тобы