2026 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

    2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 сәуір аралығындағы кезеңде 204 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 120 лицензия берілді, СЭҚ ТН кодына сәйкес келмеуіне және жаңа өнім берушілер өтініштерінің бекітілген мерзімнен бұрын берілуіне байланысты 79 негізді бас тарту берілді, 5 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

    1. Ет:

    Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2025 жылғы
    7 қазандағы № 89 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2026 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:

    • ірі қара малдың еті - 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге - 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
    • құс (аяқтар) – 128 000 тонна;
    • азық-түлік қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.
    1. Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс в әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу 2 кезеңде жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 - НҚ және 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 154-НҚ бұйрықтарына сәйкес:
    • ірі қара малдың еті – 11 340 тонна, оның ішінде –
      278,520 тонна (2,4 %) 9 лицензия берілді, қалғаны – 11 061,48 тонна;
    • құс (аяқтар) – 115 200 тонна, оның ішінде –
      14 963,95 тонна (12,9 %) 53 лицензия берілді, қалғаны – 100 236,05 тонна;
    • азық-түлік қосалқы өнімдері – 10 800 тонна, оның ішінде –
      5 268,89 тонна (48,7 %) 35 лицензия берілді, қалғаны – 5 531,10 тонна.
    1. Сиыр еті мен құс етін әкелуге арналған жаңа жеткізушілер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін 1 наурыздан бастап жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

    Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:

    • ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде –
      176,119 тонна (41,9 %) 6 лицензия берілді, қалғаны 243,88 тонна;
    • птица (окорочка) – 12 800 тонна, оның ішінде – 12 800 тонна
      (100 %) 8 лицензия берілді;
    • пищевые субпродукты – 1 200 тонна, оның ішінде –
      1 200 тонна (100 %), 7 лицензия берілді.
    1. Дөңгелектер:

    Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне сәйкес, Жапониядан әкелінетін пайдалануда болған құйылған алюминий дөңгелек дискілеріне қатысты 2031 жылға дейін демпингке қарсы баждарды қолдануды көздейтін демпингке қарсы шаралар енгізілді, бұл ретте тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 20 тоннадан аспайтын мәлімделген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен бөлу жүзеге асырылады.

    – жыл сайынғы көлем – 135 тонна, өтініштер түскен жоқ.

    1. Титан диоксиді:

    Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне сәйкес, 2030 жылғы 16 қарашаға дейін мөлшері кедендік құнның 14,27 пайызынан 16,25 пайызына дейінгі демпингке қарсы баждарды (кедендік құннан пайызбен) қолдануды көздейтін демпингке қарсы шаралар енгізілді.

    1. Тарихи өнім берушілер арасында титан диоксидін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 167-НҚ бұйрығына сәйкес екі кезеңмен жүзеге асырылады, бұл ретте 4 000,00 тонна бөлінді, оның ішінде – 88,80 тоннаға 2 лицензия берілді, қалғаны – 3 911,20 тоннаны құрайды.
    2. Титан диоксидін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін жаңа өнім берушілер арасында бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 200 тоннадан аспайтын, жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен жүзеге асырылады . Жаңа өнім берушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі – 1 000 тоннаны құрайды, өтініштер түскен жоқ.
    3. Алюминий фольга:

    Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 97 шешіміне сәйкес, 2030 жылғы 15 қарашаға дейін тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 40 тоннадан аспайтын мәлімделген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен мөлшері (өндірушіге байланысты) кедендік құнның 17,16 пайызынан 20,24 пайызына дейінгі демпингке қарсы баждарды (кедендік құннан пайызбен) қолдануды көздейтін демпингке қарсы шаралар енгізілді.

    – 2026 жылға арналған көлем – 5 000 тонна, өтініштер түскен жоқ.

    1. Графиттелген электродтар:

    Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 101 шешіміне сәйкес, 2031 жылғы 17 қаңтарға дейін тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 400 тоннадан аспайтын мәлімделген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шаралар енгізілді.

    – 2026 жылға арналған көлем – 1 000 тонна, өтініштер түскен жоқ.

    Берілген лицензиялардың мониторингі «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, оның негізінде көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілердің тізілімі қалыптастырылады.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды жібереді:

    1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;

    2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;

    3) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер мұндай қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

    4) лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер (10 АЕК).

    Орындаушы: Сауда комитеті

    Жүктеу
    6e7c42c0057767e6101e55ce0a2f4bc2_original.26117.docx
    DOCX · 26 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    НҚА жобасы

    Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

    ҚР СИМЖарияланды:
    Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Бақылау және үйлестіру басқармасы туралы ЕРЕЖЕ

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Бақылау және үйлестіру басқармасы туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер

    ҚР СИМЖарияланды:
    Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті туралы ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер

    ҚР СИМЖарияланды:
    Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті туралы ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

    ҚР СИМЖарияланды:
    Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті туралы ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

    ҚР СИМЖарияланды:
    Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті туралы ЕРЕЖЕ

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті туралы ЕРЕЖЕ 1 тарау. Жалпы ережелер Ішкі сауданы дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Сауда...

    ҚР СИМЖарияланды:
    Кесте

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі басшылығының 2026 жылғы үшінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды түлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    ҚР СИМЖарияланды:
    Кесте

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі басшылығының 2026 жылғы екінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды түлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    ҚР СИМЖарияланды: