Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Ішкі сауданы дамыту департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1 тарау. Жалпы ережелер
- Ішкі сауданы дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
- Департамент мыналардан тұрады:
1) Сауданы дамыту басқармасы;
2) Мемлекеттік қолдау көрсету басқармасы;
3) Электрондық сауда басқармасы;
4) Биржалық сауда басқармасы;
5) Сауда қызметін реттеу басқармасы.