Ағымдағы жылғы 14 және 15 шілдеде №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша кеңес өткізілді. Жария талқылауға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Құсайынов Аманжол Амангелдіұлы, облыстық басқармалардың басшылары, облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктері, жобалық кеңсенің басшысы, Үлгілік базалық бағытты іске асыруға жауапты менеджерлер қатысты.
Кеңес барысында қаржы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, дін істері, туризм, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларында, сондай-ақ Біржан сал, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Егіндікөл, Жарқайың, Қорғалжын аудандарының және Қосшы қаласының әкімдіктерінде бекітілген кестеге сәйкес маусым айында өткізілген ішкі талдаулардың нәтижелері талқыланды.
Кеңес нәтижелері бойынша жауапты адамдарға осы жұмысты тұрақты және барынша сапалы жүргізу және қол жеткізілген көрсеткіштермен шектелмеу, №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша қойылған міндеттерді белсенді пысықтау тапсырылды.

