Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а.-ның 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 11 мемлекеттік қызмет бекітілген, оның ішінде 9 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта, 1 ЖАО, 1 ОМО көрсетіледі.
Анықтама үшін: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі
- Типті бекіту туралы сертификат беру;
- Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру;
- Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем жүйесінің тізіліміне тіркеу;
- Шетелдік өндірістегі стандартты үлгіні қолдануға рұқсат беру;
- Мемлекеттік стандартты үлгіні бекіту;
- Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру;
- Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру;
- Сауда саласындағы тауарлардың мақсатты арналуын растау;
- Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындау.
2026 жылғы ІІ тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1398. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзыретіне берілді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың аттестаттарының қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын және «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 210-НҚ бұйрығымен күші жойылды.