Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №15 09.07.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтінөнімдер:
- Қауын, өндірушісі- Қазақстан Республикасы
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 10.07.2026 ж - 15.07.2026 ж._______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер Еркиналиева К.Е., «Фруктовый» дүкені, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Авиақалашық көшесі, 25А.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Өнімніңқауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 5-тарауының 68-тармағының талаптарын бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Еркиналиева К.Е.».
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Ақтөбе қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №17 15.07.2026 жылғы қаулысы берілді.