Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізіАқтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ ШЖҚ Мұғалжар аудандық ауруханасы»МКК, 2026 жыл21 маусымдағыАО2.9дерттемесімен№440,441,442,443,444шұғыл хабархат
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)_тартылмады____
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі _21.06.2026ж– 14.07.2026ж_______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңдыЖеке кәсіпкерИзбасарова Венера Қуанышқызы,ЖСН 850624402223,«Тұмар» мейрамханасы,Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,Қаржаубаев көшесі, 8А
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты _Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ. Объект аумағында тұрмыстық қоқыс пен құрылыс қалдықтарының жиналғаны анықталды,Өндірістік цехтардың бірінің санитариялық-техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз: қабырғасы күнделікті ылғалды тазалау жүргізуге мүмкіндік беретін, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді су өткізбейтін материалмен қапталмаған. Тағам өнімдеріне арналған өндірістік үстелдер мен бөлшектеу құрал-саймандары таңбаланбаған. Пайдаланылатын ыдыстардың шеттері сынған және жарылған.Жабдықтар мен бөлшектеу құрал-саймандарын тазалау және жуу уақтылы жүргізілмейді.
Өндірістік үстелдер тиісті санитариялық өңдеу жүргізуге мүмкіндік бермейтін ағаш материалдардан жасалған, ал бөлшектеу құрал-саймандары қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайда ұсталады (бөлшектеу тақтайының бетінде зең анықталды). Тоңазытқыш камералары мен тоңазытқыш жабдықтары ластануына қарай тазартылмайды, жуылмайды және дезинфекцияланбайды, олардың ішінде мұз бен қыраудың жиналуы байқалады.
Өндірістік цехта жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау жүргізілмейді: қабырғалар мен еден май қалдықтарымен ластанған, жабдықтар тазартылмаған. Тексеру барысында дезинфекциялау құралдарының жоқ екені анықталды.Тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар ұсынылмаған. Тауарлық көршілік қағидаты сақталмайды.
Қойма үй-жайы тағам өнімдерін сақтау шарттарына сәйкес ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталмаған. Тоңазытқыш жабдықтары мен тоңазытқыш камералары термометрлермен немесе тағам өнімдерін сақтау температуралық режимін автоматты бақылау және тіркеу құралдарымен жабдықталмаған.Жұмыртқаларды өңдеуге арналған арнайы бөлінген орын жоқ, жұмыртқаға арналған ыдыстар таңбаланбаған.
Міндетті медициналық қарап-тексеруден өткен, гигиеналық оқытудан өткен және жұмысқа жіберілген қызметкерлердің жеке медициналық кітапшалары ұсынылмаған. Тексеру барысында жинау құрал-саймандарының арнайы бөлінген орында сақталмайтыны және олардың таңбаланбағаны анықталды. Персоналға арналған санитариялық торапта қолды кептіруге арналған электр құрылғысы немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгілер жоқ.
Объектінің шаруашылық аумағында тұтыну қалдықтарын (қатты тұрмыстық және тамақ қалдықтарын) жинауға арналған алаң қарастырылған, алайда оған кіреберіс жолдар, еріген қар және жаңбыр суларын бұруға арналған еңісі бар су өткізбейтін жабын, қалдықтардың контейнерлік алаңнан тыс жерге таралуын болдырмайтын қоршау жоқ, сондай-ақ контейнерлер қақпақтармен жабдықталмаған. Қызметкерлер бөлмесінде жеке және арнайы киім мен аяқ киімді бөлек сақтауға арналған гардеробтар қарастырылмаған.
Тексеру барысында ас үй қызметкерінің қолында кесілген жарақаттардың бары анықталды. Қызметкерлердің қол терісінде іріңді аурулардың болуына күнделікті тексеру жүргізілмейді, тексеру нәтижелері тіркелмейді, тексеру журналы жоқ.Тағам дайындайтын қызметкерлер зергерлік әшекейлер тағады. Өндірістік цехта (асханада) сумен жабдықтау жүйесінің крандары жарамсыз күйде: крандардың бетінде коррозияның (тоттың) іздері бар.
Суық тағамдар дайындалатын цехта бактерицидтік сәулелендіргіштержоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидалардың 1-тарауының 3-тармағы және2-тарауының 9-тармағы талаптарына сәйкес бекітілген өндірістік бақылау бағдарламасы ұсынылмаған.
2026 жылғы 24 маусымдағы №2260002187971895 суға микробиологиялық зерттеу жүргізу хаттамасына сәйкес, ауыз су сынамасынан жалпы колиформды бактериялар (ЖКБ) және термотөзімді колиформды бактериялар (ТКБ) анықталды.
2026 жылғы 26 маусымдағы №2260002187972338 және №2260002187972111 микробиологиялық зерттеу хаттамаларына сәйкес, 5 сынама жылқының шикі етері, ақ балық, қызыл балық, «Қызыл бархат» бәліші, қара уылдырық және қайнатпалы кремі бар эклер сынамаларында ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) анықталды.
2026 жылғы 26 маусымдағы №2260002187972189 және №2260002187972251 шайындыларды микробиологиялықзерттеу хаттамаларына сәйкес (електен, қасықтан, табақшадан, қуырдақ табасынан, электронды таразыдан, етке арналған тақтайдан, ыдыстан, тоңазытқыш және мұздатқыш тұтқаларынан) алынған шайынды үлгілерінде ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) анықталды.
2026 жылғы 26 маусымдағы №2260002187972251 шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, жұмыс үстелінен, тоңазытқыш тұтқасынан және персоналдың қолдарынан алынған шайынды үлгілерінде алтын түсті стафилококк (S. aureus) анықталды.
2026 жылғы 26 маусымдағы №2260002187981899 патогенді стафилококк тасымалдаушылығына микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, 2 асхана қызметкерлерінен, 1 салат дайындаушынан, 1 ыдыс жуушыдан, 2 техникалық қызметкерлерінен және 3 даяшылардан жұтқыншақ және мұрыннан алынған жағынды үлгілерінде S. aureus анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығысаласындағынормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар __Жеке кәсіпкерИзбасарова Венера Қуанышқызы
- Қабылданған шаралар ___2026жылғы 21 маусымдағы №15Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестер, әрекеттер) тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердіңқаулысыберілді,салдарын жою және олардың қайталануына жол бермеу шаралары мен бірге орындау мерзімдері көрсетіле отырып тергеп тексеру нәтижелері туралы акті табысталды.