Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №8 07.07.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтінөнімдер:
- "Патша" tea тары қосылған түйіршіктелген қара шай, өндірушісі- ҚР, Алматы облысы, Айғаным ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 42
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алға аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 08.07.2026 ж - 14.07.2026 ж._______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер «Шинтаева М.Т.», «Саламат» дүкені, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қ., Уалиханов көшесі, 17/4.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Өнімніңқауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 5-тарауының 68-тармағының талаптарын бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағынормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Шинтаева М.Т.».
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Алға аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №4 14.07.2026 жылғы қаулысы берілді.