Заң нотариат институтын одан әрі жетілдіруге, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ нотариат қызметі саласындағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Заңның негізгі жаңалықтарының бірі – атқарушылық жазбаны жасау кезінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және микрокредиттік ұйымдардың өтініштерін нотариустар арасында кездейсоқ таңдау («барабан») қағидаты бойынша автоматты түрде бөлу тетігінің енгізілуі. Бұл теріс пайдалану мен сөз байласу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл борышкердің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Заңмен нотариустарға қойылатын талаптар күшейтілді. Дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын жағдайлардың қатарына енгізілді.
Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында басшылары, құрылтайшылары немесе акционерлері нотариустың жақын туыстары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық әрекеттер жасауға қосымша тыйым белгіленді.
Реформаның маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік бақылауды жетілдіру болды. Нотариустарға қатысты бақылау іс-шаралары тікелей «Нотариат туралы» Заңмен реттелетін болады. Бұл нотариат қызметінің ерекшеліктерін ескеруге және бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар алғаш рет республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың төрағаларына, сондай-ақ тәртіптік комиссиялардың төрағалары мен мүшелеріне төрт жылдық бірыңғай өкілеттік мерзімі заңнамалық деңгейде белгіленді. Олар аталған лауазымдарды қатарынан бір мерзімнен артық атқара алмайды.
Тағы бір маңызды өзгеріс – конституциялық іс жүргізу заң көмегінің дербес бағыттарының қатарына енгізілді. Бұл азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қабылданған заңнамалық өзгерістер нотариаттың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың нотариаттық қызметтерге деген сенімін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті
Жүктеу
0d1b33a905970b2e54b4fcf2a4b743fc_original.72374.jpeg
JPEG · 71 КБ
Ұқсас материалдар
Бұйрық
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына және «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы №726 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бұйрық
Бұйрық
«Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 28 қыркүйектегі 2017 жылғы№ 1202 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Бұйрық
Бұйрық
2026 жылдың II-жартыжылдығына арналған заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы
Бұйрық
Бұйрық
2026 жылдың II-жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы
Бұйрық
Бұйрық
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында бақылау субъектісіне бару арқылы 2026 жылдың 2- жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы
Бұйрық
Бұйрық
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
бұйрық
Бұйрық
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
бұйрық