Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147 кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қызмет түрі көрсетiледі.
2026 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны – 6 539 176 болса, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1134, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 33 508, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6 481 038, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 23 496.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсанында №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 37, 38 және 41 тармақтарына сәйкес, 2026 жылға Түркістан облысы бойынша аудан, қала әкімдерінің өкіміне сәйкес ішкі мемлекеттік бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бекітілген іс-шараларға сәйкес, облыс көлемінде а.ж. 2-тоқсанында
84 объектіге (74 - ЖАО мекемесі, 10 - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар,) ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 1038 бұзушылық анықталды.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 188;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері – 0;
- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету – 312;
- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету – 33;
- Ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері – 0;
- Құжаттар тізбесі мен мазмұны бірдей өтініштер бойынша бірнеше рет бас тарту – 0;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 178;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері – 31;
- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау– 33;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді ақылы негізде көрсету – 0;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалу сатысы туралы сұрау салуларға жауаптарды ұсынбау, сондай-ақ, қызмет көрсетушілермен қызмет көрсету тәртібі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпарат ұсыну – 0;
- Көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде және Мемлекеттік корпорациясы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауы – 8;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауы – 0;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдарды қарау мерзімдерін бұзу – 0;
- Қызмет алушылардың шағымдарын толық қанағаттандырмау – 0;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері есептің және талдамалық анықтаманың болмауы – 0;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 255.
Бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша 31 тәртіптік жаза қолданылды (21-«ескерту», 9-«сөгіс», 1-«қатаң сөгіс» түрінде).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны, барлығы – 260, олардың ішінде : орындалғаны – 258, орындалмағаны – 2.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың саны – 5052, оның ішінде 5040 – электронды, 12 – қағаз түрінде бас тартылған.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан а.ж. 2-тоқсанының қорытындысы бойынша электронды жүйе арқылы қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы бойынша (ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдарымен белгіленген)
1 дерек орын алды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына негізделген шағымдар түспеген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 83.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 7.