Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алуға коммерциялық ұсыныстарды сұрату туралы хабарландыру
ҮҚК сатып алу туралы хабарландыру
Ақпараттық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында үзіліссіз қуат көздерін (ҮҚК) сатып алуға коммерциялық ұсыныстарды жинау туралы хабарландыру
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтердің және ведомстволық ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы кемі 6000 ВА (6 кВА) үздіксіз қуат көздерін (ҮҚК) сатып алуды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, басқарма нарықты талдау және сатып алудың болжамды құнын анықтау мақсатында әлеуетті өнім берушілерді ресми коммерциялық ұсыныстарды ұсынуға шақырады. Коммерциялық ұсыныстарда жабдықтың құны, жеткізу, аккумуляторлық модульдермен жасақтау, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының бағасы ескерілуі тиіс.
Желіаралық экрандарды сатып алу туралы хабарландыру
Желіаралық экрандарды сатып алу және енгізуге коммерциялық ұсыныстарды жинау туралы хабарландыру
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ Түркістан облысы Әкімдігінің желілік инфрақұрылымының кибертөзімділігін нығайту мақсатында Check Point желіаралық экрандарын (бағдарламалық-аппараттық кешендерін) сатып алу және енгізу жобасын жоспарлап отыр.
Сатып алудың бюджетін қалыптастыру және нарықтық бағаларды зерделеу үшін әлеуетті өнім берушілерден ресми коммерциялық ұсыныстарды жолдауды сұраймыз. Ұсыныста жабдықтың (4 БАК), лицензиялардың, орнату, баптау, техникалық қолдау көрсету және оқыту қызметтерінің құны толық қамтылуы тиіс.
DLP жүйесін сатып алу туралы хабарландыру
Деректердің сыртқа кетуінен қорғау (DLP) жүйесін сатып алуға коммерциялық ұсыныстарды жинау туралы хабарландыру
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ ақпараттық қауіпсіздік жүйесін дамыту және құпия деректердің рұқсатсыз сыртқа кетуінің алдын алу мақсатында DLP (Data Loss Prevention) жүйесін сатып алуды жоспарлауда.
Басқарма сатып алудың алдын ала бағасын айқындау мақсатында тиісті тәжірибесі бар мамандандырылған компанияларды ресми коммерциялық ұсыныстар беруге шақырады. Ұсыныста бағдарламалық қамтамасыз ету лицензияларының, баптау және техникалық сүйемелдеу қызметтерінің бағалары көрсетілуі тиіс.
Ұсыныстарды ресми түрде [email protected] электрондық мекенжайына немесе мемлекеттік органның кеңсесіне жіберуіңізді сұраймыз. Коммерциялық ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы «27» шілдесіне дейін.