«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    ·

    КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Махамбет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудан әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аппараттың
      2026 жылғы 5 маусымдағы №73 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

    1) Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы -аудан әкімі аппараты басшысы;

    2) Мухтарова Гаухар Хафизовна-аудан әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы;

    3) Шаймурзина Асел Серікқалиқызы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы;

    4) Уташева Динара Мендигалиевна-аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау қызметінің басшысы;

    5) Койшыбаева Жансая Дархановна-аудан әкімі аппаратының бас маман- есепшісі.

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2025 жылдың 1 мамырынан мен 2026 жылдың 1 мамыры аралығындағы кезең қамтылды.
    2. Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мұқанғалиев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

    СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

    1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Талданатын объект туралы мәліметтер:

    Аудан әкімі аппараты - құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Аудан әкімі аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

    Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16 ғимарат.

    Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

    Махамбет ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан әкімі аппаратында штат саны бойынша 97 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын 6.

    16 мемлекеттік қызметкерлерге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу

    Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі:

    Есепті кезең бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 34 мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлығы 4726 қызмет көрсетілді, оның ішінде 470 қағаз түрінде, 333 мемлекеттік корпорация арқылы, 3909 электронды түрде.

    Сонымен қатар, ішкі бақылау бойынша, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, барлығы 10 мемлекеттік мекеменің жұмысы тексерілді.

    Ішкі мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесінде заң нормаларын бұза отырып бірқатар кемшіліктер орын алғандығы белгілі болды.

    Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімі мамандарымен тиісті дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуші мамандарына ұдайы көмек көрсетіліп, түсіндірме семинарлар ұйымдастырылып келеді. Өз кезегінде семинарлардың ұдайы ұйымдастырылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алуға бағытталған.

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    «Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.

    1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

    Махамбет ауданы әкімі аппаратына барлығы –625 тіркеліп, аудан әкімі арқылы ауылдық округтер мен бөлімдерге жолданды. Оның ішінде, е-өтініш арқылы 303, қағаз түрінде 320, почта арқылы 3 өтініш түсті.

    Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қабылдау және бақылау бөліміне ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» салыстырмалы тексеру актісі тапсырылуда.

    1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

    «Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

    Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

    І.Кіріспе

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Махамбет ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Махамбет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16, электронды пошта:[email protected]. телефон нөмірі 871(236)2-10-60.
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

    басталды 15.06.2026-15.07.2026 жыл.

    1. Бақыланатын кезең:2025 жылдың 1 мамырынан бастап 2026 жылдың 1 мамырына дейін.

    ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

    Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

    ІІІ. Қорытынды бөлімі

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

    Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

    Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

    Аудан әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.

    VII. Бақылау функцияларын іске асыру

    Аудан әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.

    VIІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

    Аудан әкімі аппаратының есепті кезеңге арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.

    1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    Аудан әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 186 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

    Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Аудан әкімі аппаратымен ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

    Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:

    1. Мемлекеттік сатып алу және конкурс жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге.
    2. Махамбет аудан әкімі аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындауға.
    Жүктеу
    09674e3524e63be19217a0e50551f727_original.1416747.PDF
    PDF · 1,4 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылғы 1 маусым -2026 жылғы 31 мамыр аралығына талдамалық АНЫҚТАМА

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 маусымдағы №80 «Жұмысшы тобын құру туралы» б...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың 1 мамыр - 2026 жылдың 1 мамыр айы бойынша талдамалық

    Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың 1 мамыр - 2026 жылдың 1 мамыр айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА Сыбайлас жемқорлық тәуекелде...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама КІРІСПЕ БӨЛІМІ: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі бо...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» бөлімі мемлекеттік мекемесі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «21» шілде күні басталатындығын хабарлайды.

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» бөлімі мемлекеттік мекемесі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «21» шілде күні басталатындығын хабарлайд...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Махамбет ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар ТІЗБЕСІ

    Махамбет ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар ТІЗБЕСІ Махамбет ауданы № Елді мекендер атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1 Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы,...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінің орналасқан орындары мен шекаралары

    Сайлау учаскелерінің орналасқан орындары мен шекаралары №215 сайлау учаскесі Орналасқан орны: Махамбет ауылы, Жамбыл көшесі, 4, Өнерпаз аудандық мәдениет үйінің ғимараты, телефоны: 8/71236/2-10-08 Шекаралары: Махамбет а...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

    «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституция...

    Жарияланды: