2026 жылдың 6 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер

    ·

    «Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (әрі қарай – Басқарма) 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығы негізінде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

    1) Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру;

    2) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру;

    3) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу;

    4) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау.

    2026 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымға дейінгі кезеңде келесідегідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

    - Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру - 3 лицензия берілді.

    - Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру - 35 жеке тұлғаға куәлік берілді, 13 жеке тұлғаға бас тартылды.

    - Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша – 32 қызмет көрсетілді.

    Жалпы Басқармамен 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша - 83 қызмет көрсетілді, оның ішінде – 13 жеке тұлғаға негізді бас тартылды.

    Басқарма көрсететін барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Бюджетные программы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу хаттамасы

    Жарияланды: