«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе қаласындағы аймақтық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Шәпкенов
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы _____________ №________ |
қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
- «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №57 қаулысы.
- «Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №57 «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы
29 маусымдағы №105 қаулысы. - «Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №57 «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №184 қаулысы.