Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті

    Созақ ауданы әкімінің аппараты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында

    БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті

    2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өтті.

    «БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға және қаржылық болашағын жоспарлау кезінде неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сайт және мобильді қосымша арқылы қызметтердің тәулік бойы қолжетімділігі Қормен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етеді және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

    Қордың негізгі цифрлық құралдарының қатарында:

    • Қордың электрондық қызметтеріне толық қолжетімділікті қамтамасыз ететін БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы жеке кабинет және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы;
    • «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары», бұл құралдардың көмегімен сіз болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жоспарын құра аласыз;
    • Құжаттарды алдын ала тексеруді, электрондық поштаға үзінді көшірмелерді алуды, Қор кеңселеріне бару уақытын брондауды және т. б. қоса алғанда, сайтта қызметтерді ресімдеу бойынша онлайн-сервистер.

    Кездесуге қатысушыларға БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері, оның ішінде ресми сайт, мобильді қосымша, Telegram-бот және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қордың ақпараттық ресурстары туралы, сондай-ақ Байланыс орталығы, сайт, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары арқылы кері байланыс жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

    Бүгінгі күні БЖЗҚ-ның цифрлық экожүйесі салымшылармен және алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі арнасы болып табылады. Сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы пайдаланушылар жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер ала алады, деректемелерге өзгерістер енгізе алады, шоттардың болуы туралы анықтамалар ала алады, зейнетақы төлемдерінің жекелеген түрлеріне өтініш бере алады, өтініштердің мәртебесін қадағалай алады, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудара алады, сондай-ақ «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары» сервистерін пайдалана алады.

    Электрондық қызметтерге сұраныстың артып келе жатқаны атап өтілді. 2026 жылдың 4 айында БЖЗҚ көрсеткен 21,5 млн қызметтің 21,1 млн қызметі электрондық және автоматты форматта ұсынылды. Осылайша қашықтан қызмет көрсету үлесі олардың жалпы санының 98,8%-н құрады.

    Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың неғұрлым кең таралған схемалары туралы, соның ішінде алаяқтардың өздерін мемлекеттік ұйымдардың, медициналық мекемелердің немесе Қордың қызметкерлеріміз деп таныстыратын және әр түрлі сылтаулармен растаудың SMS-кодтарын алуға және дербес деректерге қол жеткізуге тырысатын жағдайлары туралы айтып берді.

    Қатысушыларға БЖЗҚ-ның тегін және делдалсыз қызмет көрсететінін еске салды. Қор қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де конфиденциалды мәліметтерді сұратпайды.

    Кездесу барысында дербес деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Мамандар азаматтарды растау кодтары мен дербес ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге, мәліметтерді тек ресми байланыс арналары арқылы тексеруге және алаяқтыққа күдік туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырды.

    Іс-шара соңында қатысушылар БЖЗҚ-ның зейнетақымен қамсыздандыру және цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар мен жеке кеңес алды.

    БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

    Жүктеу
    151b11814db6cb044703f2670912e3d7_original.77312.doc
    DOC · 76 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Созақ аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 264 шешімімен бекітілген Созақ ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспары

    Мазмұны 1. Төлқұжат (негізгі сипаттамалары).................................................... 3-8 2. Аумақты дамыту пайымы................................................................. 8-9 3. Ағымдағы жағдайды талд...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Созақ ауданы бойынша "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 2026 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесі.

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1-бабына сәйкес, Түркістан облысы Кентау қаласының әкімдігі жер учаскелерін ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарл...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Бюджет

    Созақ ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (шілде айы 2026 жыл)

    Қазақстан Републикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес бюджеттер болып табылады: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті жерг...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Созақ ауданы әкімдігі дербес бөлімдері және ауылдық округтері мен кенттер әкімі аппараттарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] мекен-жайына жолдауға болады

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] мекен-жайына жолдауға болады

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елде...

    Созақ ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: