Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    ·

    «БЕКІТЕМІН»
    Украин ауылдық округінің әкімі

    __________________ Ж. Мұқашев

    2026 жылғы «14» шілде

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Іс-шара

    Мақсаты

    Орындау мерзімі

    Жауапты

    Күтілетін нәтиже

    1

    Мемлекеттік сатып алулар мен бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту

    Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу және бюджет қаражатын пайдалану кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу

    Тұрақты

    Әкім, бухгалтерия

    Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы қамтамасыз етіледі

    2

    Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру

    Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделілігіне жол бермеу

    Тұрақты

    Бас маман – іс жүргізуші

    Мүдделер қақтығысы дер кезінде анықталып, реттеледі

    3

    «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту

    Жыл сайын (қажет болған жағдайда – жоспардан тыс)

    Әкім, бас маман – іс жүргізуші

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі әзірленіп, оларды азайту жөніндегі шаралар қабылданады

    4

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу

    Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

    Тоқсан сайын

    Әкім, бас маман – іс жүргізуші

    Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы білім деңгейі артады

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішк...

    Жарияланды: