«Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісі – «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 7 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Украин ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 4/1-ө өкімімен бекітілген жұмыс тобы тарапынан жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.
Талдау жүргізілген мерзім: 2026 жылғы 3–30 маусым.
«Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Персоналды басқару: 2025 жылға арналған «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің штаттық саны – 5 бірлік. Персоналды басқару мәселелері бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде: жұмысқа қабылданғандар – 0 адам; жұмыстан шығарылғандар – 1 адам.
Талдау кезеңінде «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ.
Қызметкерлерді көтермелеу тәжірибесі бойынша Халықаралық әйелдер күніне, Қаржыгер күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай сыйлықақы беру туралы өкімдер зерделенді.
Зерделеу нәтижесінде барлық қызметкерлерге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде белгіленген көлемде сыйлықақы төленгені анықталды. Талдау кезеңіндегі сыйлықақылардың жалпы сомасы 1610000 теңгені құрады. Сыйлықақы қоры еңбекақы төлеу қорының 10 пайызынан аспайды. Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Мүдделер қақтығысын реттеу
«Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің барлық қызметкерлері атқарып отырған лауазымдары бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Қызметкерлердің жеке істерін зерделеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Талдау кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында 5 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Ұсыным: мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мақсатында 2026 жылға арналған жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру жоспарына мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және тиісті шектеулерді сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын енгізу.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету
2021 жылғы 25 қарашадағы № 407/НҚ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1)Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2)Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; 3)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру;
4)Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату; 5)Жер учаскесін алуға кезекке қою.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының барлығында әрбір мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері нақты регламенттелген.
Ұсыным:Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту.
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің құзыретіне кірмейді.
- Бақылау функцияларын іске асыру
Бақылау функцияларын жүзеге асыру «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің құзыретіне кірмейді.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініштерді қарау мерзімдері сақталады, белгіленген мерзімдерді бұзу фактілері анықталған жоқ. 2021 жылғы шілде айынан бастап ауылдық округі әкімінің аппаратында «Е-өтініш» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген.Ауылдық округ әкімі азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес тұрақты түрде жеке қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын өкіммен бекітіледі.
Талдау кезеңінде ауылдық округі әкімінің аппаратына барлығы 10 өтініш келіп түсті, оның ішінде:заңды тұлғалардан – 2;жеке тұлғалардан – 8.
Келіп түскен барлық өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, түсіндірмелер берілді.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында көпшілікке қолжетімді жерде азаматтарды қабылдау кестесі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мәтіні орналастырылған.
Сондай-ақ «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты ұсыныстарға арналған жәшік орнатылған.Талдау кезеңінде шағымдар келіп түскен жоқ.
Ұсыным: Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау барысында ауылдық округі әкімінің аппараты ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді іске асыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп отырғаны анықталды.
Ауылдық округ үшін жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, веб-порталда орналастырылған. Осыған байланысты барлық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына бір рет енгізіледі.
Бір көзден жасалған шарттар белгіленген мерзімде жасалып, толық орындалған.
Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының қатысу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражатты тиімді және оңтайлы пайдалану, сондай-ақ жариялылық пен ашықтық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.Тоқсан сайын бас маман-бухгалтер бюджет қаражатының игерілуі туралы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөліміне есеп береді.
Ұсыным: Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде «Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыстобыныңжетекшісі: _________________ Н.И Иванова.
Жұмыс тобының мүшелері:_________________ Н.А.Жақыпова
_________________ Т.В.Шилова
_________________ Е.О.Тлегенов