«Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

    Құрманғазы ауданы 2026 жыл маусым

    Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

    Махмутов Ерсин - Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының м.а., топ жетекшісі;

    Алимжан Жантұрған – Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

    Сахтаганов Сатжан – Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

    Муратов Нурлан - Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман есепші;

    «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді.

    Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

    «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

    2026 жылдың 30 маусым-30 шілде айы аралығы.

    Ақпараттық талдамалық бөлім.

    «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілерді және облыс, аудан әкімінің қаулыларын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

    1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Атырау облысы Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

    - «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексі;

    - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

    - «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;

    - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;

    - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы;

    - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

    -«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;

    -«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

    - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығы.

    1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    2023 жылғы 31 мамырдағы №140 «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысына өзнрістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 5 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы және бас мамандар.

    1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы №168 бұйрығына, «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығы, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

    1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту- 72;

    2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 2;

    3) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау- 25;

    4) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру -1;

    5) Бүлінген желерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру-0

    6) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 0;

    7) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру -0;

    8) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну -51;

    9) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 54;

    10) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 25.

    2026 жылдың 5 айы бойынша бөлімде жалпы саны – 230 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

    4.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - б өлім бойынша рұқсат беру функцияларын іске асырылмайды.

    1. Бақылау функцияларын іске асыру – бөлім бақылау функциясын іске асырмайды.
    2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байласыты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Бөлімге 2026 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан 16 арыз түсті. Ол зерделеніп, уақытылы жауап берілді.

    Бөлімде 2026 жылдың 5 айы бойынша 41 бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.

    Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

    Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.

    Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

    1. Қаржы –шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорплық тәуекелдерін анықтау.

    Бөлімнің 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 38222, 00 мың. теңге қарастырылды, игерілгені 41,0 %.

    Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

    1. Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
    2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2026 жылдың 5 айы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
    3. Ақпараттандыру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

    Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-12-89 сенім телефоны орнатылған.

    Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.

    Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.

    Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.

    Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.

    Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.

    Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.

    Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.

    Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.

    Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

    Бөлім басшысының м.а. Е.Махмутов

    Бас маман С.Сахтаганов

    Бас маман А.Жантұрған

    Бас маман-есепші Н.Муратов

    Жүктеу
    СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков, проведенного в государственном учреждении «Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Курмангазинского района»
    СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков, проведенного в государственном учреждении «Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Курмангазинского района»
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...

    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма? Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақта...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді? 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жин...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді? ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы ж...

    Ақпарат

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі?

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұр...

    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі!

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы ке...