Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 13 шілдедегі № 3/405-1068 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 қантардағы № 21.2-21.11/6-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Автомобиль жолын салу мақсатында «AlmaCityConstruction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:
1) Алатау ауданы, «Нұркент» шағын ауданы, 86 учаске, кадастрлық нөмірі 20-321-051-1136, алаңы 0,6069 га, жалпы алаңы 2,2672 га;
2) Алатау ауданы, «Нұркент» шағын ауданы, 9, кадастрлық нөмірі 20-321-051-1141, алаңы 0,1539 га жалпы алаңы 4,2473 га.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кабинет болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды