Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 13 шілдедегі № 3/405-1069 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы
№ 4/524-632 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 4/524-632 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
реттік нөмірі 4 жолы алынып тасталсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды