«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ Ұсыныстар мен пікірлер бойынша БАЙЛАНЫС НОМЕРІ 8 71 233 20638

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесібойыншасыбайлас жемқорлық тәуекелдерінежүргізілгенішкі талдаунәтижелері бойынша

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ

    Ұсыныстар мен пікірлер бойынша БАЙЛАНЫС НОМЕРІ 8 71 233 20638

    Құрманғазы ауылы шілде 2026 жыл

    Кіріспе бөлім:

    Талданатын объект туралы мәлімет: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

    Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.

    «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №171 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызметін жүзеге асырады.

    «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлімі) –Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм,индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Талдаудың негізі:

    «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 8 маусымдағы №13 бұйрығы.

    Жұмыс тобының құрамы:

    1.Тулепов Нұрлыбек Бекетович -бөлім басшысы, топ жетекшісі;

    Жұмыс тобының мүшелері:

    2.Мұфтах Асқар Зинетоллаұлы-бөлім басшысының орынбасары;

    3.Кабдешов Руслан Шапихович -бөлімнің бас маманы;

    4.Кабдолов Саламат Кибадуллаевич- бөлімнің бас маманы;

    5.Жагпарова Зоя Хайроллақызы- бөлімнің бас маманы.

    Талдауды жүргізу кезеңі: 2025 жыл 19 мамыр -2026 жыл 14 маусым аралығы.

    Талдауды жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 15 маусым-30 маусым аралығы.

    Талдау бағыты:

    1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талдау жүргізу мерзімі аралығында сала мамандарының ақпаратына сәйкес, бөлімнің қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сипаттама бөлігі:

    1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері бойынша штаттық саны–9 бірлікті құрайды, оның ішінде 1- басшы, 1-бөлім басшысының орынбасары, 6 бас маман, 1 бас - маман есепші.

    Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар және тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болған жоқ.

    Талдау жүргізу барысында бөлімнің персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

    Мемлекеттік қызметшілердің барлығы әдеп кодексімен таныстырылған, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттер бойынша жұмыс жасап келеді.

    Қызметтік қажеттілікке байланысты хат алмасу үшін «eps.gov.kz, «Е-Өтініш», «Е-Қызмет» ақпараттық жүйелермен толық қамтылған.

    2.Мүдделер қақтығысын реттеу.

    Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

    3. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

    Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

    2025 жылы барлығы - 392 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлар ішінде барлығы – 178 мемлекеттік қызметттер көрсетілді.

    Атап айтатын болсақ;

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" бойынша- 2025 жылы 75 жүргізу куәлігін алды, 2026 жылдаңқаңтар-мамырайларында -58 қызмет веб портал арқылы жүргізу куәлігін алды.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" 2025 жылы 150 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, 2026 жылдыңқаңтар-мамырайларында – 44 қызмет; Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: портал арқылы – 1 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.
    3. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу"бойынша 2025 жылы 165 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, 2026 жылдаңқаңтар-мамырайларында - 76 қызмет.
    4. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), 2025 жылы-2 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, 2026 жылдақаңтар-мамырайларында қызмет түскен жоқ.

    Атқарылған жұмыс туралы бақылау журналы ашылды, бөлім басшысының телефоны 2-07-47 сенім телефоны ретінде жұмыс жасайды, аудандық «Серпер» газетіне 2026 жылдың 14 қаңтардағы «Техникалық байқау» атты мақалалары жарияланды, бөлімнің ресми әлеметтік Facebook парақшасына 2026 жылда 4 әр түрлі бағыттағы ақпараттар, бейнероликтер жарияланды.

    Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-07-47 сенім телефоны орнатылған.

    Жалпы бөлімде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентінің тақтайшалары орнатылған.

    Бөлімде атқарылатын барлық жұмыстар заң шеңберінде атқарылып, оның орындалуы үнемі қатаң қадағаланып отыр.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

    Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу бойынша қызметтер «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында қызмет алушы өтінімді "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы ұсынғанымен, көрсетілген ауыл шаруашылық машиналарын қарап-тексеру қызмет көрсетуішінің барып қарауы арқылы машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.Аталған қызметті көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

    Ұсыным: «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жергілікті атқарушы органдар функциясынан алып тастап, жеке кәсіпкерлік ортаға беру ұсынылады.

    Талдау жүргізу барысындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде, оның ішінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің салалы бұйрықтарының талаптары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін.

    Талдау барысында сала мамандарының ұсыныстары ескерілді.

    4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

    Бөлім бойынша 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рұқсат беру функциялары белгіленген. Олар:

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" 2025 жылы 75 жүргізу куәлікты алды, 2026 жылдаңқаңтар-мамырайларында -58 қызмет веб портал арқылы жүргізу куәлігін алды; Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде – жеке тұлғаның құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" 2025 жылы 150 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, 2026 жылдаңқаңтар-мамырайларында – 44 қызмет; Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: портал арқылы – 1 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.
    3. Мемлекеттік қызмет көрсету: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу"бойынша 2025 жылы 165 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, 2026 жылдаңқаңтар-мамырайларында 76 қызмет.

    5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша бақылау-тексеру функциялары іске асырылмайды.

    6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

    Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға қаралған қаржы жоспары – 68469,0 мың теңге, оның 68450,1 мың теңгесі игеріліп, игерілуі 99,9 % құрады.

    Оның ішінде: 454 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына 67573,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына 67555,3 мың теңге қаржы игеріліп, бюджет қаржысын игеру 99,9% құрады. Бөлінген бюджет қаражаты бөлімнің аппаратын ұстау шығындарына арналған.

    454 007 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына 896,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына 894,8 мың теңге игеріліп, бюджет қаржысын игеру 99,9 % құрады. Бұл қаржыға бөлімнің жұмысын алға қарай сапалы жүргізуге қажетті ноутбук, принтер, 5 кресло, кондиционер, радиотелефондар сатып алынып теңгерімге бекітілді.

    Жоспарланған бюджет қаражатының жұмсалуы барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес мемлекеттік сатып алулар болған жоқ.

    Бөлімнің 2026 жылдың 01 маусымына бекітілген жоспары – 119658,0 мың теңге, оның 34419,0 мың теңгесі игеріліп, игерілуі 28,76% құрады. Бөлінген бюджет қаражаты бөлімнің аппаратын ұстау шығындарына және ауылдық округтердегі бұралқы иттерді ату, жансыздандыруға арналған.

    «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5- бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

    Жоспарланған бюджет қаражатын жұмсалу барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес мемлекеттік сатып алулар болмаған.

    Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

    7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2025 жылы 34 келісім шарт жасақталған. Оның 14-і баға сұраныстарын ұсыну арқылы, 7-і бір дереккөздерден тікелей шарт жасасу арқылы, 13-і өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу арқылы жасақталды. 2025 жылға жасақталған мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттар талаптары мерзімінде орындалған.

    Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2026 жылдың 01 маусым жағдайы бойынша 14 келісім шарт жасақталған. Оның 7-ы баға сұраныстарын ұсыну арқылы, 2- ашық конкурс тәсілі, 2-і бір дереккөздерден тікелей шарт жасасу арқылы, 3-і өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу арқылы жасақталды.

    Барлық мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттар https://www.goszakup.gov.kz сайты арқылы жасақталып отыр.

    8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша eotinish.gov.kz арқылы аудан әкімдігі арқылы 8 өтініш түсіп, мерзімінде қаралып, жауаптар берілді.

    Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда, әлеуметтік желілерде қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

    Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ

    Ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Жұмыс тобының жетекшісі: Н.Тулепов

    Жұмыс тобының мүшелері:

    А.Мұфтах

    Р.Кабдешов

    С.Кабдолов

    З.Жагпарова

    Жүктеу
    ПУБЛИКУЕТСЯ ПРОЕКТ АНАЛИТИЧЕСКОЙ СПРАВКИ по результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков в государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Курмангазинского района Атырауской области». По предложениям и замечаниям КОНТАКТНЫЙ НОМЕР: 8 (71233) 20638.
    ПУБЛИКУЕТСЯ ПРОЕКТ АНАЛИТИЧЕСКОЙ СПРАВКИ по результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков в государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Курмангазинского района Атырауской области». По предложениям и замечаниям КОНТАКТНЫЙ НОМЕР: 8 (71233) 20638.
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...

    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма? Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақта...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді? 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жин...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді? ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы ж...

    Ақпарат

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі?

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұр...

    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі!

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы ке...