Халықтың санитариялық- |
Тергеп-тексеружүргізунәтижелерітуралыақпарат
- Тергеп-тексеружүргізудің негізі 29.06.2026жылғы№2287шұғыл хабархат.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
- Тергеп-тексеружүргізумерзімі 30.06.2026-09.07.2026ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "АзияЮрКомп" ЖШС "Ханзада" бала бақшасы БИН 060940011800, Ақтөбе қаласы,Авиатор 2,72 аумақ
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - бұзушылық анықталды.
Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы 2260002188027870- 07.07.2026 ж, нәтижесінде–боулинг ойыншығынан ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталды.Бұл, "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы 5 тарау 85 тармағының бұзушылығы болып табылады.
Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы 2260002188027870- 07.07.2026 ж, нәтижесінде-қайнаған етке арналған тақтайшадан,ожаудан,қайнатылған балыққа арналған үстелден алтын түстес стафилококк анықталды;қайнаған көкөніске арналған тақтайшадан, қайнаған көкөніске арналғанпышақтан,ірімшікке арналған тақтайдан,ірімшікке арналған пышақтан ішек таяқшалар тобының бактериялары анықталды . Яғни, жабдықты тазалау,жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді.Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.
Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеуге 4 тамақ алынған (№2260002188028024-07.07.2026ж,борщ,плов,сүтті вермишель сорпасы,геркулес ботқасы алынды)-нәтижесінде борщтан, сүтті вермишель сорпасынан ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды;пловтан ішек таяқшасы тобындағы бактериялар,патогенді стафилококк S.aureus табылды.Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "АзияЮрКомп" ЖШС "Ханзада" бала бақшасы БИН 060940011800, Ақтөбе қаласы,Авиатор 2,72 аумақ
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, екі жеке тұлғаға 43250 теңгеге айыппұл салынды.