Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабына сәйкес табиғи монополия субъектісі тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында, ал
ол болмаған жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін «табиғи монополия субъектісінің желілері мен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын өзге де
мүлкінің резерві, бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеті, желілерді орналастыру схемалары туралы ақпаратты» жариялауға міндетті. Қаратал ауданы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қаратал таза су» табиғи монополия субъектісі ретінде
тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қосылу мәселелері бойынша ақпаратқа қолжетімділігінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздердің назарларыңызға Үштөбе қаласы
мен Қаратал ауданы ауылдарындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің бос және қолжетімді
куаттары, сондай-ақ желілерінің өткізу қабілеті туралы ақпаратты ұсынады.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі Қаратал жерасты су кен орнындағы артезиандық
жерасты көздерінен ауыз суды өндіруді, оны залалсыздандыруды және тұтынушыларға жеткізуді
қамтамасыз етеді.
Осы мақсатта сумен жабдықтау жүйесіне мыналар кіреді:
5 дана артезиандық ұңғыма;
2 дана таза су резервуары;
І және II көтерілімдегі 2 дана сорғы станциясы;
ұзындығы әрқайсысы 23 км болатын 2 су құбыры желісі;
жалпы ұзындығы 119,335 км су тарату желілері.
Жерасты суының сапасы ГОСТ 2874-82 «Ауыз су» және 2015 жылғы 16 наурыздағы №209
Санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес халықтың шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне
қойылатын талаптарға сай келеді. Су сапасын бақылауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама
орталығының» аттестатталған зертханасы жүзеге асырады.
Үштөбе қаласы мен Қаратал ауданы ауылдары халқының 76,5%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметімен қамтылған.
Су құбырының белгіленген өндірістік қуаты тәулігіне 4,0 мың текше метрді құрайды. Нақты ең
жоғары пайдалану көлемі тәулігіне 1,63 мың текше метрге жетеді. Тиісінше бос қуат көлемі тәулігіне
2,37 мың текше метрді құрайды.
Су бұру жүйесі сарқынды суларды қабылдауды, тазартуды және бұруды қамтамасыз етеді. Ауыз
суды пайдаланғаннан кейін тұтынушылар оны кәріз желісіне ағызады.
Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 35,448 км, оның ішінде:
өздігінен ағатын кәріз желілері – 13,261 км;
қысымды кәріз желілері - 22,187 км.
Сарқынды суларды тазарту құрылыстары жүйесіне:
- 10 дана кәріз сорғы станциясы;
байланыс резервуарлары;
сарқынды су қабылдағыштары;
тұнба алаңдары;
- сүзу алаңдары кіреді.
Сарқынды сулардың соңғы қабылдағышы ауданы 22,13 гектар болатын сүзу алаңдары болып
табылады.
Келіп түсетін және тазартылған сарқынды сулардың сапасын бақылауды аттестатталған зертхана
жүзеге асырады. Мұндай қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы әр
тоқсан сайын шарт жасалады.
Сарқынды суларды нақты қабылдау көлемі тәулігіне шамамен 542 текше метрді құрайды. Кәріз
жүйесінің жобалық қуаты тәулігіне 1200 текше метр. Тиісінше бос қуат көлемі тәулігіне 658 текше
метрді құрайды.
Су бұру қызметтерімен халықтың 25%-ы қамтылған.
Қоса беріліп отырған желілердің орналасу схемасы тұтынушыларға су арнасына жүгінгенге дейін өз
учаскесінде желінің бар-жоғын және қосылу нүктесінің қолжетімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қолданыстағы белгіленген қуаттары тұтынушының
өтінішінен кейін қолданыстағы магистральдық желілерге қосылуға мүмкіндік береді.
Тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосу 2019 жылғы 12 тамыздағы №73
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүйеге қосылуға
арналған техникалық шарттар негізінде жүргізіледі.
Су пайдаланушыларын орналастырудың болжамды нүктелеріндегі құбырлардың материалы,
диаметрі және құдықтардың болуы туралы ақпарат «Сorel Draw бағдарламасындағы арнайы
геоақпараттық схемаға енгізілген және оны қызметтердің әлеуетті тұтынушылары Қаратал ауданы
әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қаратал таза су» кесіпорнынан тікелей ала алады.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілеріндегі резервтік, бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар мен өткізу қабілеті туралы ақпарат Қаратал ауданы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қаратал таза су»
Жүктеу
9d9917088e40636964216111b60c8af0_original.40473138.pdf
PDF · 39 МБ
Ұқсас материалдар
Хаттама
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру жөніндегі 1-лек қатысушылары бойынша комиссия отырысының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 1 хаттамасы
Хаттама №1 Өтініш берушілердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысын қамтамасыз ету жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Үштөбе қаласы 14 шілде 2026 жыл ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -...
Ақпарат
Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы
Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...
Ақпарат
2026 жылдың ІІ тоқсанында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ақпарат
Өнеркәсіп 2026 жылға жоспар 5200 млн. теңге, индекс көлемі 101 пайыз,қаңтар – маусым айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2720 млн.теңге, 2025 жылмен салыстырғанда 112,7 пайызды құрайды (2025 жылы 2675,5 млн.тенге). Өнерк...