Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған қайталама конкурс

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

    Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған қайталама конкурс

    Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2026 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршруттар бойынша 2026 жылғы 15 шілдеде қайталама конкурс өткізу туралы жариялайды:

    Республикалық бюджеттен қаржыландыратын субсидияланатын авиамаршруттар

    Авиамаршруттың атауы

    Аптасына жиілік саны

    Тариф

    (бір бағытта ұшу), теңге

    Бөлінген сома, теңге

    1.

    Қостанай – Арқалық − Қостанай

    2 рет

    12 ай

    (1 тамыз 2026 ж. - 31 шілде 2027 ж.)

    10 000

    239 297 694

    Барлығы:

    Барлығы:

    239 297 694

    Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

    1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;

    2) «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығымен бекітілген авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салықтар, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;

    4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар;

    5) тасымалдау сыйымдылығы кемінде 50 (елу) креслоны (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) құрайтын әуе кемелері бар.

    Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар:

    1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

    2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

    Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

    3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

    4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;

    5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (типтері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғары сыйымдылығы);

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;

    7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;

    8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);

    9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;

    10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар;

    Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бір данада ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістірмелерсіз ресімделеді.

    Осы Қағидалардың құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.

    Конкурсқа қайта қатысып отырған авиакомпаниялар Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ғана ұсынуы тиіс.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынудың соңғы мерзімі - 2026 жылғы 14 шілде сағат 17:00 келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 (алдынала бір сағат бұрын +7 7172 572 308 телефонына хабарласу қажет).

    Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар берілген топтамасын ашу 2026 жылғы 15 шілдедесағат 10:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 14 қабатта конференц-залында өтеді.

    Қосымша ақпаратты және анықтаманы +7 7172 572 308 номері арқылы алуға болады.

    Жүктеу
    e80ce3bffe5a1f7e4b43c914b8c25c40_original.31343.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    ПРЕСС-АНОНС Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасы орналасқаны туралы хабарлайды

    ПРЕСС-АНОНС Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік берушінің азаматтық авиация персоналын даярлауға және Қазақстан Республикасының...

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Бұйрық

    «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының және «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Субсидияланатын авиамаршрутқа арналған конкурс

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Анонс: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды

    Анонс: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды. Сіздерді осы жоба...

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Хаттама

    № _________ хаттамасы

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Анонс: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасы орналастырылғанын хабарлайды

    Анонс: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының, Қазақста...

    Көлік министрлігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы заң шығару, құқықтық және талап-шағымдық-талап қою қызметінің қорытындылары

    Заң жобалау қызметі Бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды: 1) Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс саласын және тұрғын үй құрылысына үлес...

    Көлік министрлігіЖарияланды: