«Абай ұлттық мектебі» РММ-де жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

    «Абай ұлттық мектебі» РММ-де жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

    2026 жылғы мамыр–маусым айларында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Абай ұлттық мектебі» РММ қызметін тексерді.

    Аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.

    Тексеру қорытындысы бойынша мектеп жұмысында жалпы сомасы 10,8 млрд теңгеден астам бұзушылықтар анықталды.

    Оның ішінде 10,4 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға жатады. Бұл — бюджетке қайтарылуы немесе қалпына келтірілуі тиіс қаражат.

    Атап айтқанда:

    • 10,2 млн теңге бюджетке қайтарылуы тиіс;
    • 10,4 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс.

    Аудит кезінде 2,8 млн теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Сонымен бірге 16,3 млн теңгенің негізгі құралдары мектеп балансына алынды.

    Бұдан бөлек, 370,6 млн теңге көлемінде рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

    Оның ішінде:

    • 34,5 млн теңге бюджет қаражаты тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылған;
    • 336,0 млн теңге бойынша мемлекеттік сатып алу талаптары бұзылған.

    Аудит нәтижесі бойынша құқық қорғау органдарына шешім қабылдау үшін 4 материал жолданды. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 24 айыппұл салуға қатысты құжаттар жіберілді.

    Тексеру барысында мектеп мүлкін есепке алу дұрыс жүргізілмегені анықталды. Соның салдарынан 2,4 млн теңге көлеміндегі мүлік жоғалған.

    Сонымен қатар кейбір шарттар бойынша көрсетілген жұмыстар толық орындалмаған. Мысалы, жөндеу, монтаждау және абаттандыру жұмыстары толық жасалмаған. Кейбір жағдайда шартта көрсетілген жұмыстың орнына басқа тауарлар жеткізілген немесе басқа жұмыс орындалған.

    Құжатта бір жұмыс жазылған, ал іс жүзінде ол жұмыс толық орындалмаған немесе басқа жұмыс жасалған. Бірақ оған қарамастан бюджеттен ақша төленген.

    Педагогтерге қосымша ақы төлеу кезінде де заң талаптары толық сақталмаған. Кейбір қызметкерлерге жоғары біліктілік санаты дұрыс негізсіз қолданылған. Олар аттестаттаудан өтпесе де немесе талапқа сәйкес келмесе де, оларға қосымша ақы төленген.

    Сонымен қатар бір педагогтің 8 жылдан бері аттестаттаудан өтпегені анықталған.

    Кейбір тәрбиешілерде қажетті біліктілік сертификаты болмаса да, олар пән мұғалімдерінің орнына уақытша сабақ берген. Бұл оқушылардың білім сапасына кері әсер етуі мүмкін.

    Мектептің білім беру қызметіне арналған мемлекеттік лицензиясы бойынша да кемшіліктер анықталды. Лицензия 2007 жылы алынған, бірақ кейін электрондық форматқа ауыстырылмаған. Лицензияға қажетті қосымша құжаттар да болмаған.

    Соған қарамастан, мектеп 2023 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Бұл лицензия құжаттарын реттеу және бақылау жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмегенін көрсетеді.

    Мектепте пәндік олимпиадаларға дайындық жұмысы да жүйелі ұйымдастырылмаған. «Үздік мектеп» және «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына кіру үшін оқушыларды олимпиадаға ерте кезден бастап тұрақты дайындау қажет. Алайда мектепте мұндай жүйе толық қалыптаспаған.

    Ол үшін олимпиадаға дайындалатын оқушылар тобы, оларды дайындайтын тәжірибелі мұғалімдер және тұрақты дайындық жоспары болуы керек.

    Жалпы алғанда, аудит мектеп қызметінде бірқатар маңызды кемшіліктер бар екенін көрсетті.

    Атап айтқанда:

    • заң талаптары толық сақталмаған;
    • бухгалтерлік есеп дұрыс жүргізілмеген;
    • қаржылық есептілікте кемшіліктер болған;
    • бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған;
    • мемлекеттік сатып алу талаптары бұзылған;
    • басқару және ішкі бақылау жұмысы жеткіліксіз болған.

    Қорытындылай айтқанда, мектепте қаржыны, мүлікті және құжаттарды есепке алу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған. Бұл кемшіліктердің негізгі себебі — басқару жұмысының әлсіздігі және ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі.

    Жүктеу
    885fc443b87eb6c1ada12e12e85206a2_original.18300.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

    Жоспар

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары

    Есеп

    Орта білім беру саласына құқықтық мониторинг жүргізу туралы ЕСЕБІ

    Есеп

    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат 2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті...

    Есеп

    Есеп нысаны

    Жоспар

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары

    Кесте

    Әңгімелесу өткізу кестесі

    Хаттама

    «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры бос лауазымына конкурсқа қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасы».