Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Ақмола облысының Әділет департаментінің (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Есепті кезеңде түсіндіру және алдын алу сипатындағы 8 іс-шара өткізілді (студенттер мен оқушылар үшін 3 семинар, 1 мақала, 1 сұхбат, ӘД қызметкерлері үшін 3 семинар).
2026 жылғы 09.04. Бурабай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі Біржан сал ауданы бойынша Баймырза ауылының орта мектебі оқушыларымен «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» тақырыбында семинар өткізілді.
2026 жылғы 26.04. Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясы КММ-нің 10 және 11 сынып оқушыларына «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» тақырыбында семинар өткізілді.
2026 жылғы 14.05. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» тақырыбында семинар өткізілді.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 29.04. «KOKSHE TV» телеарнасында Департамент басшысының орынбасары –Әдеп жөніндегі уәкіл Э. Кабышев қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған сұхбат берді.
Бұл жұмыс мемлекеттік қызметшілер арасында бұзушылықтардың алдын алуға, сондай – ақ құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық мақала жарияланды.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 19.06. «Ақкөл Арайы» газетінде Ақкөл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі «Формирование в обществе нетерпимого отношения к коррупции и искоренение правового нигилизма» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Сондай-ақ, ай сайын Департамент қызметкерлері үшін Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі, соның ішінде 2026 жылғы 24.04. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Тұрақты негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысына мониторинг жүргізіледі, оның ішінде департамент басшылығының жеке қабылдауы барысында. Жеке қабылдау кезінде аудио және бейнежазба жүргізіледі, бұл әділет органдары қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Департаментте сенім телефоны жұмыс істейді. Есепті кезеңде Ақмола облысының әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттер туралы хабарламалар тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілмен ай сайын департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.
2026 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Ақмола облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
әкімшілік бөлімі