Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауыл әкімінің аппараты

    «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 18 ақпанда Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты Қырыққұдық ауылында аудан әкімі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы тұрғындармен кездесу өткізді

    2026 жылғы 18 ақпанда Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты Қырыққұдық ауылында аудан әкімі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жүзеге асырылған жобаларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ алдағы уақытта іске асырылатын бастамалар мен жоспарланған шаралар таныстырылды. Жиын барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныстарын білдіріп, әлеуметтік инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Кездесу соңында аудан әкімі жеке қабылдау өткізді. Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

    18 ақпан 2026 ж.Тікелей