Құрылым — Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты

    Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты

    "Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдік пен округ әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультациялық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады. Сарыбел 1950-97 жылдары жүгері өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Сарыбелде және округке қарасты Садыр, Тұрпан ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Орталығы – Сарыбел ауылы, құрамында 3 ауыл бар: Сарыбел, Садыр, Тұрпан. Аудан орталығынан 30 км жерде орналасқан. 2024 жылғы мәлімет бойынша 5024 адамды құрайды. Сарыбел ауылдық округінде 3 мектеп, 1 балабақша, 1 мектеп жанында шағын орталық, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер – акушерлік пункт, 1 үймен біріктірілген жергілікті полиция учаскесі, 1 ветеринарлық пункт, 1 өрт сөндіру бөлімшесі бар.

    zhetysu-panfilov-sarybel